ҚазАқпарат-Анонс: сәуірдің 23-і мен 26-сы аралығындағы оқиғалардың күнтізбесі

ҚазАқпарат-Анонс: сәуірдің 23-і мен 26-сы аралығындағы   оқиғалардың    күнтізбесі
ЕЛБАСЫСәуірдің 23-інде Елбасы Н.Назарбаев елордадағы Қан орталығының жұмысымен танысады. Сәуірдің 23-інде Елбасы Н.Назарбаев елордалық «Ажар» сауда орталығында болып, ондағы бағаның жағдайымен таныспақ. Сәуірдің 23-інде Тәуелсіздік сарайында Елбасы Н.Назарбаевтың қатысуымен Астана қаласын дамыту мәселелері бойынша кеңес өтеді. ҮКІМЕТ Сәуірдің 23-інде Денсаулық сақтау министрлігінде алқа мәжілісі өтеді. Сәуірдің 23-інде Бәсекелестікті қорғау жөніндегі агенттікте «Бәсекелестік туралы» жаңа заң аясындағы дағдарысқа қарсы шаралар» деген тақырыпқа арналған семинар-кеңес өтеді. ПАРЛАМЕНТСәуірдің 23-інде Парламент Сенатының жалпы отырысы өтеді. ҚОҒАМЕлімізде 2009 жылғы ақпанның 17-сі мен шілденің 1-і аралығында шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерін тексеруге мораторий жарияланды.Көлік және коммуникация министрлігінің көліктік бақылау комитетінің ұйымдастыруымен ағымдағы жылғы наурыздың 30-ы мен сәуірдің 30-ы аралығында «Таза ауа» атты акция өткізіледі. Бұл акцияның басты мақсаты ? Қазақстан Республикасы заңнамасының экологиялық талаптары бойынша өрескел тәртіп бұзушыларды анықтау және тасымалдаушылар мен автокөліктерден шығатын ластаушы заттар мөлшерінің құрамы нормаларына қатаң бақылау орнату.Сәуірдің 15-і мен мамырдың 20-сы аралығындағы «Ең үздік студент ? 2009» республикалық сыйлығына байқау өтеді. Байқау 8 аталым бойынша жүргізілмек. Олар ? журналистика, ғылым, спорт, халықтық шығармашылық, дизайн және қолданбалы өнер, музыкалық- эстрадалық өнер, әдебиет және қоғамдық жұмыстар. Сайысқа 16 мен 25 жас аралығындағы жастар қатыса алады. Жеңімпаздарға «Ең үздік студент ? 2009» атағы беріліп, диплом, мүсінше мен бағалы сыйлық табыс етіледі.Сәуірдің 20-сы мен 26-сы аралығында Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының бастамасымен Еуропада және Қазақстанда Еуропалық иммунизациялау аптасы өтеді. АСТАНАСәуірдің 23-інде Ұлттық академиялық кітапханада Ашық есік күні өтеді. Сәуірдің 23-інде «Риксос» президенттік отелінде Білім министрі Жансейіт Түймебаевтың қатысуымен «ХХІ ғасырдың бірегей жоғары оқу орнын құру» тақырыбында халықаралық семинар өтеді. АЛМАТЫ Сәуірдің 23-26 -сында дәстүрлі «Халықаралық джаз фестивалі - Алматы-2009» шарасы өтеді.Сәуірдің 23-і күні Алматыда Қазақстан Суретшілер одағының XVI сьезі өтеді.Сәуірдің 23-інде «Бақшасарай» орталығында «Қазақстандағы Нефрология күндері» тақырыбында халықаралық семинар өтеді. Сәуірдің 25-30-ы күндері футболдан ІІ «ҚР Президенті кубогы» халықаралық жасөспірімдер турнирі өтеді.Сәуірдің 25-і күні Республика сарайында «Көктемді қондырып қанатына, құс қайтып оралды Алматыма...» деп аталатын ән кеші өтеді.Алматыда сәуірдің 23-24 күндері өтетін VIII Еуразия медиа форумы «Өзекті тақырыпқа ? ашық әңгіме» деген атаумен өтеді. АЙМАҚБАТЫС ҚАЗАҚСТАНСәуірдің 1-і мен мамырдың 1-і аралығында Орал қаласында тазалық айлығы жарияланды. Осыған орай қала әкімдігінің құрылымдық бөлімшелері мен тұрғын үй-коммуналдық саласы кәсіпорындары ауқымды жұмыс көлемін атқармақ. Тазалық айлығы жариялануына байланысты Орал қалалық ардагерлер кеңесі үндеу қабылдады. Онда ардагерлер мекеме-кәсіпорындар, ұйымдар басшы-қызметкерлері мен қала тұрғындарын айлыққа белсенді қатысуға шақырған.ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫСәуірдің 20-сынан бастап Оңтүстік Қазақстан облысында Ұлттық иммунитеттеу апталығы басталады. Ол Бүкіләлемдік денсаулық сақтау ұйымының бастамасымен өткізілуде. 20 мен 29-дың арасындағы жастар - сіреспе, дифтерия, "В" вирустық гепатиті, балалар ? эпидемиялық паротит, қызылша сияқты ауруларға қарсы тегін егілетін болады. Апталық барысында санитарлық-ағарту жұмыстары белсене жүргізіледі.ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫСәуірдің 18-інен көктемгі құс аулау маусымы басталып, екі аптаға созылады. -------------------------------------------------------------------------------------------------- АТАУЛЫ КҮНДЕР, ЕЛЕУЛІ ОҚИҒАЛАРСӘУІРДІҢ 23-І, БЕЙСЕНБІБүкілдүниежүзілік кітап және автор құқығын қорғау күні. Бұл мерекені 1996 жылы ЮНЕСКО Уильям Шекспир (1564-1616), Мигель де Сервантес (1547-1616) және жазушы ? тарихшы Инко Гарсиласо де ла Веганы (1539-1616) еске алу мақсатында бекітті. Бұл үш жазушыны біріктіріп тұрған олардың өмірден қайтқан күндері ? 1616 жылғы сәуірдің 23-і. Қазір барлық өркениетті елдерде кітап жәрмеңкелері, көрмелер мен фестивальдар өткізіледі. Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасы ? Бүкілдүниежүзілік кітап күнін өткізуді ұйымдастырушылардың бірі.Түркия Республикасының ұлттық мерекесі ? Тәуелсіздік күні. Қазақстан Республикасы мен Түркия арасындағы дипломатиялық қарым-қатынас 1992 жылғы наурыздың 2-де орнатылды. Қазақстанның Түркиядағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Бағдат Әміреев.Бермуд аралдарында бұрыш күні. Бұл дәмдеуіш Бермуд аралдарының экономикасында үлкен рөлге ие.ЕСТЕ ҚАЛАР ОҚИҒАЛАР52 жыл бұрын (1957) Қостанай облысындағы Рудный елді-мекені қала мәртебесін алды.ЕСІМДЕР50 жыл бұрын (1959) тарих ғылымының докторы БАТЫРБЕКОВ Ғазиз Оразайұлы дүниеге келді. Алматы қаласында туған. Алматы халық шаруашылығы институтын, Абай атындағы Қазақ педагогикалық институтын, Қазақ мемлекеттік университетінің аспирантурасын бітірген. 1989-2003 жылдары Қазақ КСР Орталық мемлекеттік мұрағатының жетекші ғылыми қызметкері, Қазақстан Ғылым академиясы Тарих және этнология институтының ғылыми қызметкері, аға ғылыми қызметкері болған. Ғалымның «Академик Қ.Сәтбаевтың қоғамдық ғылымдар бойынша мұрасы», «Академик Қ.Сәтбаев және оның замандастары» атты кітаптары жарық көрген.50 жыл бұрын (1959) Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Дамыту стратегиясы департаментінің директоры, ауыл шаруашылығы ғылымының кандидаты, доцент ЫРСАЛИЕВ Серік Әзтайұлы дүниеге келді. Алматы облысында туған. Қазақ ауыл шаруашылығы институтын және аспирантурасын бітірген. Қазақ ауыл шаруашылығы институтының доценті, шет елдік студенттермен жұмыс жөніндегі деканы қызметтерін атқарған. 1989-1990 жылдары ? Камбоджаның «Чамкардонг» университетінің оқытушысы. 1993-1999 жылдары ? Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің басқарма бастығының орынбасары, бастығы, халықаралық ынтымақтастық бөлімінің бастығы. 1999-2003 жылдары ? Білім берудің мемлекеттік стандарттары және тестілеу ұлттық орталығының директоры. 2003-2004 жылдары ? Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Орта жалпы білім беру департаментінің директоры, Білім беруді дамыту, стратегиялық және бюджеттік жоспарлау департаментінің директоры. 2004 жылдан Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Білім және ғылым саласын аттестациялау және бақылау комитеті төрағасының орынбасары болған. СӘУІРДІҢ 24-І, ЖҰМАХалықаралық жастар ынтымақтастығы күні. 1955 жылы Азия мен Африка елдерінің Бандунг конференциясында шешім қабылданған күннен бастап, отаршылдыққа қарсылық білдіріп, бейбітшілікті қолдайтын жастардың халықаралық ынтымақтастығы күні ретінде атап өтіледі.Бүкіл әлемдегі армяндардың аза тұту күні. Осман империясындағы армян геноциді шарықтау шегіне жетіп, шамамен 1,5 миллиондай армян өлтірілген. Бұл күн 1989 жылдан бастап атап өтіледі.ЕСТЕ ҚАЛАР ОҚИҒАЛАР19 жыл бұрын (1990) Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің шешімімен Қазақстанның тұңғыш президенті болып Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев сайланды.19 жыл бұрын (1990) қазақ және орыс тілдерінде «Халық кеңесi» және «Советы Казахстана» газетінің алғашқы саны шықты.13 жыл бұрын (1996) Алматыдағы 28 гвардияшы-панфиловшылар атындағы саябақтағы мемлекет басшылары аллеясына Елбасы Н.Ә.Назарбаев пен зайыбы Сара Алпысқызы алғашқы шырша ағашын отырғызды.8 жыл бұрын (2001) Алматыдағы «Атакент» іскерлік әріптестік орталығында «Ұлы Жібек жолымен» атты бірінші халықаралық кітап және полиграфия жәрмеңкесі ашылды.ЕСІМДЕР115 жыл бұрын (1894-1919) Ақмола облысында Кеңес үкіметін орнатуға қатысушылардың бірі СЕРІКБАЕВ Бәкен дүниеге келді. Ақмола (Астана) қаласында туған. Ақмола училищесін бітірген. 1917 жылы С.Сейфуллин ұйымдастырған «Жас қазақ» атты жастар ұйымының жұмысына қатысты. 1918 жылы Ақмола уездік Кеңесі атқару комитеті төрағасының орынбасары болды. Сол жылы маусым айында ақ гвардияшылар бүлігі кезінде Ақмола кеңесінің басқа мүшелерімен бірге тұтқынға түсіп, атаман Анненковтың «Азап вагонына» қамалды. Ол Омбы лагерінде ақ гвардияшылардың қолынан қаза тапқан.70 жыл бұрын (1939) шығыстанушы, тарих ғылымының докторы, профессор ХАФИЗОВА Клара Шайсұлтанқызы дүниеге келді. Орал қаласында туған. Ташкент мемлекеттік университетін, КСРО Ғылым академиясы Шығыстану институтының аспирантурасын бітірген. 1969-1990 жылдары Қазақ КСР Ғылым академиясы Ш.Уәлиханов атындағы Тарих, археология және этнография институтының кіші ғылыми қызметкері, Ұйғыртану институтының аға ғылыми қызметкері болған. 1990-1994 жылдары ? Қазақ мемлекеттік университеті қытай филологиясы кафедрасының меңгерушісі. 1995-1998 жылдары ? Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Стратегиялық зерттеулер институтының жетекші ғылыми қызметкері, бөлім бастығы. 1998-2005 жылдары Қайнар университеті стратегиялық және халықаралық зерттеулер орталығының директоры қызметін атқарған. 2005 жылдан Қайнар университеті Қазақ тарихы мен өркениеті институтының директоры болып істейді. К.Хафизова Қазақстандағы белгілі қытайтанушы ғалым. Зерттеу еңбектері негізінен 14-19 ғасырлар арасындағы Орталық Азия мен Қытай, оның ішінде Цинь империясы мен қазақ хандары арасындағы байланыстарға арналған. Ғалым 1997-1998 жылдары Қазақстан Республикасы Президентінің арнайы тапсырмасымен қазақ шығыстанушылары арасында тұңғыш рет Қытайдың бірінші тарихи мұрағатында зерттеулер жүргізіп, күрделі еңбек жазды. 50- ден астам ғылыми еңбектің авторы. СӘУІРДІҢ 25-І, СЕНБІПортугалияда Төңкеріс күні. Португалия ? Еуропаның оңтүстік-батыс бөлігінде, Пиреней жарты аралында және Атлант мұхитындағы Азор, Мадейра аралдарында орналасқан мемлекет. Египетте Синай жарты аралының бостандық алған күні. Мереке Синай жарты аралына Египет бақылауының қалпына келтірілу құрметіне орай атап өтіледі.Италияның Ұлттық мерекесі ? Бостандық күні. 1943 жылы сәуірдің 25-інде диктатор Бенито Муссолини Миланнан қашып кеткен болатын. Сонымен қатар осы күні ел тарихында демократия үшін қарулы күрес және қарсылық қозғалыстарының жаңа кезеңі басталды. 1945 жылы немістер жаулап алған Солтүстік Италияда жалпыхалықтық көтеріліс басталып, одақтастарының әскері келгенше Солтүстік және Орталық Италияның 100-деген қаласы азат етілді.ЕСТЕ ҚАЛАР ОҚИҒАЛАР92 жыл бұрын (1917) Омбыда Ақмола облысы қазақтарының съезі өтті.88 жыл бұрын (1921) құрамында 233 болыс елді біріктірген Ақмола, Атбасар, Көкшетау және Петропавл уездері негізінде Ақмола губерниясы құрылып, орталығы Петропавл қаласы болды.87 жыл бұрын (1922) Қапал уезінің атауы Талдықорған болып өзгерді, ал орталығы Гавриловка селосы болды.8 жыл бұрын (2001) Стокгольмде өткен конгресте Қазақстан Футбол одағы Еуропа футбол одағы қауымдастығына (УЕФА) кірді. Қазақстан құрамасы осы одақтың мүшесі ретіндегі алғашқы ойынын 2001 жылы шілде айында Эстония құрама командасымен өткізді.ЕСІМДЕР120 жыл бұрын (1889-1964) күйші-композитор СҮЙІНБЕКОВ Оразғали дүниеге келді. Батыс Қазақстан облысында туған. Ол халық күйлері мен халық композиторларының «Қайран Нарын», «Боз төбе», «Айдарлының Ақжелеңі» сияқты күйлерін нақышына келтіре орындаумен қатар өзі де көптеген күйлер шығарған. Оның «Октябрь нұры», «Теңдікті келін», «Тұлпар дүбірі», «Жеңіс күйі», «Көктем шабыты», «Өнер жолында», «Еңбек табысы», «Алтын таулы астанам», «Жігер», т.б. күйлері бар. О.Сүйінбеков домбыраны Абыл, Боғда, Кәуен, Есбай күйшілердің сарынымен тартқан.110 жыл бұрын (1899-1969) композитор, Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері ВЕЛИКАНОВ Василий Васильевич дүниеге келді. Ресейдің Санкт-Петербор қаласында туған. Санкт-Петербор консерваториясының композиция және фортепьяно кластарын бітірген. Композитордың алғашқы шығармалары Ленинград театрларында жұмыс істеген кездерінде жазылды. Онда, негізінен, камералық-аспаптық музыка, әндер мен романстар жазды. В.Великанов 1935-1963 жылдары Этнография институты мен Композиторлар одағы ұйымдастырған музыкалық-этнографиялық экспедицияға қатысып, халық шығармашылығын зерттеумен айналысты. 1937 жылы арнайы шақыртумен Алматыға келіп, алғашқы қазақтың ұлттық балеті «Қалқаман-Мамырды» жазды. Бұдан кейін «Тұтқын қыз» операсына және «Райхан» кинофильміне музыка жазды. Ол Қазақ академиялық опера және балет театрында ұзақ жылдар еңбек ете жүріп, кәсіби қазақ музыкасының дамуына үлес қосты. «Ленинградтық өрендерім» вокалдық-симфониялық шығармасын, «Амангелді» симфониялық поэмасын, «Көктем әні» атты хор және симфониялық оркестрге арналған поэма, «Қазақ симфониясын», оркестрлік пьесалар, фантазия, камералық-аспаптық шығармалар, ән-романстар, спектакль мен кинофильмдерге музыка жазды. 1951 жылы оның «Қамбар ? Назым» балеті қойылды. 1951 жылдан Алматы консерваториясында оқытушы болды. «Құрмет белгісі» орденімен марапатталған. 75 жыл бұрын (1934) Қазақстанның еңбек сіңірген жаттықтырушысы, жүзуден халықаралық санаттағы судья, Халықаралық шығармашылық академиясының академигі ҚҰРАЛОВ Өтепқали Нысанғалиұлы дүниеге келді. Атырау облысында туған. 1957-1970 жылдары Атырау қалалық спорт комитетінің төрағасы, спорт мектебінің директоры, Атырау педагогикалық институтының кафедра меңгерушісі қызметтерін атқарған. 1970 жылдан Республикалық спорт комитетінің бөлім меңгерушісі, Кәсiподақтардың «Қазақстан» дене шынықтыру-спорт қоғамы орталық кеңесiнiң төрағасы болған.60 жыл бұрын (1949-1996) композитор ҚАЖЫҒАЛИЕВ Тілес Шамғонұлы дүниеге келді. Алматы қаласында туған. Мәскеу консерваториясын, Алматы консерваториясының аспирантурасын бітірген. 1974-1979 жылдары Қазақстан Композиторлар одағы шығармашылық секциясының меңгерушісі қызметін атқарды. 1982 жылдан өмірінің соңына дейін Композиторлар одағы төрағасының орынбасары болды. Т.Қажығалиев альт пен оркестрге арналған концерт, «Отан туралы» оратория, фортепьяно, ұрмалы және ішекті аспаптарға арналған екі концерт, әндер, романстар, спектакльдер, көркем және деректі фильмдерге арналған музыкалық шығармалар жазды. СӘУІРДІҢ 26-СЫ, ЖЕКСЕНБІХалықаралық зияткерлік меншік күні. Білімнің барлық саласындағы өнертапқыш және шығармашыл адамдардың мерекесі.Радиациялық апат құрбандарын еске алу күні. 1986 жылғы сәуірдің 26-да Чернобыль атом электр стансысында апат болды. Ресей Федерациясы Жоғарғы Кеңес Төралқасының 1993 жылғы сәуірдің 22-дегі қаулысына сәйкес атап өтіледі.Бүкілдүниежүзілік бауырлас қалалар күні. Бүкілдүниежүзілік бауырлас қалалар федерациясының шешімімен, жыл сайын сәуірдің соңғы жексенбісінде атап өтіледі. 1943 жылы Сталинград қаласына Англияның Ковентри қаласынан хат келді. Ковентри тұрғындары 1940-1941 жылдары жау қолында қалған батыр қаланың қаһармандығына таң қалып, Сталинградпен достастық комитетін құрған екен. 1992 жылы Халықаралық «Бауырлас қалалар» қауымдастығы құрылды. Бұл ұйым ТМД ауқымындағы қалалардың байланысын дамытып қана қоймай, серіктестік қарым-қатынас орнатуға мүмкіндік жасайды. 2000 жылы бауырлас қалалар қауымдастығы 160-тан астам мемлекеттің 3500-ден аса қаласын біріктірді. Қазақстан Елордасы ? Астанамен әлемнің 12 қаласы бауырласқан, олардың арасында ? Берлин, Мәскеу, Киев, Қазан, Тбилиси, Сеул, Пенсильвания штатындағы Питсбург, Италияның Мантуя сияқты қалалары бар.Танзания Біріккен Республикасының ұлттық мейрамы ? Одақ күні (1964). Танзания ? Шығыс Африкада орналасқан мемлекет. Материктік (Танганьика) және аралдық (Занзибар мен Пемба) бөліктерден тұрады. Солтүстігінде Угандамен, солтүстік-шығысында Кениямен, оңтүстігінде Мозамбикпен, оңтүстік-батысында Бурунди, Руандамен шектеседі. Шығысында Үнді мұхиты, батысында Танганьика, солтүстігінде Виктория көлдерімен шектеседі. Танзания әкімшілік-аймақтық жағынан 20 провинцияға және 1 республикаға бөлінеді. Астанасы ? Додома қаласы. Ақша бірлігі ? шиллинг. Мемлекеттік тілі ? суахими тілі, сонымен қатар ағылшын, итальян тілдері де қолданылады. Елді 5 жылға сайланған президент басқарады. Жоғары атқарушы органы ? Үкімет. Жоғары заң шығарушы органы ? Ұлттық жиналыс.Түрікмен жүйрік аттарының күні. Түрікменстан Президентінің Жарлығымен 1992 жылдан бастап жыл сайын сәуірдің соңғы жексенбісінде атап өтіледі. Осы күні Ашғабадта жүйрік аттар тарихына арналған халықаралық конгрестер, конференциялар, сондай-ақ аттар үшін жаттығулары, емдеу мен күтіп-баптау шаралары өтеді. 1991 жылы сәуір айында Сапармұрат Ниязовтың Жарлығымен ақалтеке тұқымының жойылу қауіпінің алдын алу мақсатында «Түркменаттары» мемлекеттік бірлестігі құрылған. Сонымен қатар оның ұйымдастыруымен Халықаралық ақалтеке ат зауыты қауымдастығы құрылған. ЕСТЕ ҚАЛАР ОҚИҒАЛАР15 жыл бұрын (1994) Қазақстан мен Қытай Халық Республикасы арасында Қазақстан-Қытай шекарасы туралы келісімге қол қойылды.13 жыл бұрын (1996) Қазақстан, Қырғызстан, Қытай, Ресей және Тәжікстан мемлекеттерінің президенттері Шанхай келісіміне қол қойды.3 жыл бұрын (2006) Алматыда «Үнді классикалық биі орталығы» ұйымының таныстырылымы өтті. ҚР Мәдениет және ақпарат вице-министрі, ЮНЕСКО-ның кластерлік бюросының өкілі Юрий Пешков және Қазақстанда тіркелген дипломатиялық корпустардың өкілдері, сондай-ақ қаладағы бірқатар мәдени-рухани орталықтардың жетекшілері қатысты. Аталған орталық Қазақстан мен Орта Азияда тұңғыш рет ашылды. «Үнді классикалық биі орталығы» ұйымының негізін салушы, Үндістандағы КАЛАКШЕТРА ғажайып би өнері колледжінің түлегі А.Қайназарова.ЕСІМДЕР75 жыл бұын (1934) Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген жаттықтырушысы ЛИТВИНОВ Николай Юрьевич дүниеге келді. Солтүстік Қазақстан облысында туған. «Лениногорец», «Алтай» спорт клубтарының бокстан жаттықтырушысы, Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясы жаттықтырушысы болған. Оның шәкірттері арасында халықаралық дәрежедегі спорт шебері, кикбоксингтен кәсіпқойлар арасындағы әлем чемпионы Е.Шідербаев бар. Медальдармен марапатталған. 45 жыл бұрын (1964) боксшы, халықаралық дәрежедегі спорт шебері, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген спорт шебері, еңбек сіңірген жаттықтырушысы ҚЫЛЫМОВ Асылбек Сақтапбергенұлы дүниеге келді. Ресейде туған. 1979-1982 жылдары Еуропаның, КСРО-ның жастар арасындағы біріншілігінің, оқушылар спартакиадасының, КСРО жасөспірімдері арасында бокстан өткен біріншіліктердің жеңімпазы атанған. 1983-1986 жылдары КСРО-ның, КСРО Кубогының чемпионы, Тайланд, Индонезия, Франция, Түркия, Солтүстік Корея, Финляндия, Болгария, Германия, Румыния, Польшада өткен халықаралық турнирлерінің, КСРО-АҚШ кездесулерінің жеңімпазы атанған. 1984 жылдың көрсеткіші бойынша А.Қылымов Еуропаның ең үздік және 75 кг салмақ дәрежесіне дейінгі әлемнің үшінші боксшысы атағына ие болған.