ҚазАқпарат-Анонс: сәуірдің 27-сі мен мамырдың 3-і аралығындағы оқиғалардың күнтізбесі

ҚазАқпарат-Анонс: сәуірдің 27-сі мен  мамырдың 3-і  аралығындағы   оқиғалардың    күнтізбесі
ҮКІМЕТ Сәуірдің 27-сінде Үкімет үйінде селекторлық кеңес өтеді.Сәуірдің 27-сінде Білім және ғылым министрлігінде Кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырысы өтеді. Сәуірдің 27-сінде Ішкі істер және Сыртқы істер министрліктерінде апталық брифингтер өтеді. ПАРЛАМЕНТСәуірдің 27-сі мен 30-ы аралығындағы Парламент Мәжілісінің апталық жоспарында аздаған өзгерістер бар. Мамыр мейрамына байланысты жұмыс аптасы төрт күн болады. Дүйсенбі, сәуірдің 27-сі күні Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің жұмыс тобында өлім жазасына қатысты заң жобасы қаралса, Экономикалық реформа және өңірлік даму комитетінің жұмыс тобында тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы заң жобасы талқыға салынады. Сейсенбі, бейсенбі күндері Палатаның салалық комитеттерінде құрылған жұмыс топтарында бірқатар заң жобалары талқыланады.Ал сәрсенбі, сәуірдің 29-ы күні Мәжілістің кезекті жалпы отырысы өтеді деп жоспарланып отыр.Бейсенбі, сәуірдің 30-ы күні Мәжіліс Бюросының отырысы өтетіні белгіленген. ҚОҒАМЕлімізде 2009 жылғы ақпанның 17-сі мен шілденің 1-і аралығында шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерін тексеруге мораторий жарияланды.Көлік және коммуникация министрлігінің көліктік бақылау комитетінің ұйымдастыруымен ағымдағы жылғы наурыздың 30-ы мен сәуірдің 30-ы аралығында «Таза ауа» атты акция өткізіледі. Бұл акцияның басты мақсаты ? Қазақстан Республикасы заңнамасының экологиялық талаптары бойынша өрескел тәртіп бұзушыларды анықтау және тасымалдаушылар мен автокөліктерден шығатын ластаушы заттар мөлшерінің құрамы нормаларына қатаң бақылау орнату.Сәуірдің 15-і мен мамырдың 20-сы аралығындағы «Ең үздік студент ? 2009» республикалық сыйлығына байқау өтеді. Байқау 8 аталым бойынша жүргізілмек. Олар ? журналистика, ғылым, спорт, халықтық шығармашылық, дизайн және қолданбалы өнер, музыкалық- эстрадалық өнер, әдебиет және қоғамдық жұмыстар. Сайысқа 16 мен 25 жас аралығындағы жастар қатыса алады. Жеңімпаздарға «Ең үздік студент ? 2009» атағы беріліп, диплом, мүсінше мен бағалы сыйлық табыс етіледі.Сәуірдің 27-сі мен мамырдың 11-і аралығында «Жастардың кадрлық резерві» атты жобаның байқауы өтеді. Елбасы тапсырмасына сәйкес ұйымдастырылып отырған бұл байқауға жиырма тоғыз жасқа дейінгі отандық және шетелдік оқу орнын бітірген жас мамандар мен ЖОО-ның соңғы курс студенттері қатыса алады. АСТАНАСәуірдің 28-інде Астанада ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясында «Сыбайлас жемқорлықпен күресу стратегиясы: проблемалар мен басымдықтар» тақырыбында халықаралық конференция өтеді. Еуропадағы қауіпсіздік пен ынтымақтастық ұйымының қолдауымен өткізілетін бұл шараға Президент Әкімшілігінің, «Нұр Отан» партиясының өкілдері, ЕҚЫҰ сарапшылары, сенаторлар, мемлекеттік органдардың басшылары, Жоғарғы сот пен жергілікті соттардың судьялары, үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері, сондай-ақ Ресейдің Сібір мемлекеттік қызмет академиясының ректоры Евгений Бойко қатысады.Сәуірдің 28-і күні «Teлеком - 2009: корпоративтік сектор үшін инновациялық шешімдер» атты форум өтедіЕлордада ағымдағы жылғы мамырдың 1-інен бастап «Астанаэнергиятарату» ЖШС электр энергиясына тарифтерді 1 кВт/сағатқа 5,62 теңгеден қосымша құн салығын қоса есептегенде 6,04 теңгеге дейін өсірмек. АЛМАТЫ Сәуірдің 25-30-ы күндері футболдан ІІ «ҚР Президенті кубогы» халықаралық жасөспірімдер турнирі өтуде.Сәуірдің 28-інде Аралды құтқару халықаралық қорының (ХАҚҚ) құрылтайшы ? мемлекеттері басшыларының саммиті өтеді АЙМАҚАҚТӨБЕ ОБЛЫСЫСәуірдің 26-сы мен 29-ы аралығында Халықаралық астрономия күніне арналған «Астрон-2009» екінші аймақтық астрономиялық конференциясы өтеді. Облыстық білім және мәдениет басқармаларының қолдауымен ұйымдастырылған конференцияға Атырау, Батыс Қазақстан және Ақтөбе облыстарынан 8-10-шы сынып оқушылары қатысады. Конференцияның басты мақсаты ?мектеп оқушыларының астрономия мен ғарыш саласына қызығушылығын ояту. Үш күн ішінде оқушылар өздерінің ғылыми жобаларын қорғайды, Т.Бигелдинов атындағы Ақтөбе әуе қорғанысы күштерінің әскери институтында болады, жиынның құрметті қонағы - ғарыш техникасының еңбек сіңірген сынаушысы, профессор, генерал-майор В.Т.Довганьмен, астрономия мамандарымен кездеседі.БАТЫС ҚАЗАҚСТАНСәуірдің 1-і мен мамырдың 1-і аралығында Орал қаласында тазалық айлығы жарияланды. Осыған орай қала әкімдігінің құрылымдық бөлімшелері мен тұрғын үй-коммуналдық саласы кәсіпорындары ауқымды жұмыс көлемін атқармақ. Тазалық айлығы жариялануына байланысты Орал қалалық ардагерлер кеңесі үндеу қабылдады. Онда ардагерлер мекеме-кәсіпорындар, ұйымдар басшы-қызметкерлері мен қала тұрғындарын айлыққа белсенді қатысуға шақырған.ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАНСәуірдің 27-сінде Шымкенттегі Орталық алаңда Қазақстан Республикасы жастарының ІІ спорттық ойындарының салтанатты ашылу рәсімі болады. Ал сәуірдің 19-ында басталып кеткен ойындар мамырдың 19-ына дейін созылады. Ойындарға еліміздің 9 өңірі мен Алматы және Астана қалаларынан 20 жасқа дейінгі 4 785 жасөспірімдер мен балалар қатысады. Қатысушылар спорттың 26 түрі бойынша күш сынасады.-------------------------------------------------------------------------------------------------- АТАУЛЫ КҮНДЕР, ЕЛЕУЛІ ОҚИҒАЛАРСӘУІРДІҢ 27-СІ, ДҮЙСЕНБІСьерра-Леоне Республикасының Ұлттық мерекесі ? Тәуелсіздік күні (1961). Сьерра-Леоне ? Батыс Африкада орналасқан мемлекет. Солтүстігі және шығысында Гвинеямен, оңтүстік-шығысында Либериямен, батысы Атлант мұхитымен шектесіп жатыр. Астанасы ? Фритаун қаласы. Ақша бірлігі ? леоне. Мемлекеттік тілі ? ағылшын тілі. Әкімшілік жағынан 3 провинцияға және батыс облысына бөлінеді. Елді 5 жылға сайланған президент басқарады. Жоғары атқарушы органы ? Үкімет. Жоғары заң шығарушы органы ? Өкілдер палатасы.Того Республикасының Ұлттық мерекесі ? Тәуелсіздік күні (1961). Того ? Батыс Африкада орналасқан мемлекет. Солтүстігінде Буркина-Фасомен, батысында Ганамен, шығысында Бенин Республикасымен шектеседі. Оңтүстігінде Гвинея шығанағымен шайылып жатыр. Астанасы ? Ломе қаласы. Ақша бірлігі ? франк. Мемлекеттік тілі ? француз тілі. Мемлекет 5 облысқа бөлінеді. Елді 5 жылға сайланған президент басқарады. Жоғары атқарушы органы ? Үкімет. Жоғары заң шығарушы органы бір палаталы парламент ? Ұлттық жиналыс.Оңтүстік Африка Республикасының Ұлттық мерекесі ? Бостандық күні (1994). 15 жыл бұрын елде алғаш рет демократиялық сайлау өтті. Қазақстан Республикасы мен Оңтүстік Африка Республикасының арасындағы дипломатиялық қарым-қатынас 1992 жылғы наурыздың 5-де орнатылды.Якутияның Республика күні. 1922 жылы осы күні Бүкілресейлік Орталық атқару комитетінің арнайы декретімен Якут Автономиялық Кеңестік Социалистік Республикасы құрылды. 1992 жылы сәуірдің 27-інде Саха (Якутия) Республикасының Конституциясы қабылданды.ЕСТЕ ҚАЛАР ОҚИҒАЛАР15 жыл бұрын (1994) Алматыда «Абылай хан» қоры құрылды. Қор төрағасы болып Шота Уәлиханов сайланды.13 жыл бұрын (1996) Алматыда Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясының президенттері Каспий жөніндегі мәлімдемеге қол қойды. Іс-қағазында Каспий теңізіндегі мұнай-газ ресурстарын барлаудағы және өңдеудегі Қазақстанның құқығын мойындаған Ресей осы салада ынтымақтастыққа дайын екенін білдіреді.11 жыл бұрын (1998) Қазақстан Республикасы Президенті Н.Назарбаевтың Жарлығымен Шағын бизнесті қолдау жөніндегі агенттік құрылды.3 жыл бұрын (2006) «Қазпошта» акционерлік қоғамы Қазақстан Республикасының аумағында «Өсімдіктер дүниесі» сериясымен «Қара сексеуіл» атты кезекті маркасын айналымға енгізді. Сексеуіл ? биіктігі 10 метрге дейін жететін, бұжырлы, қалың, жуан, бұтақтары көп діңді, жапырақтары толығымен ширатылмаған ағаш. Тақырлы сор жерлерде, құмның арасында, сұр топырақта өседі. Торғай, Арал, Қызылорда, Бетпақдала, Мойынқұм, Балқаш және Алакөл өлкелерінде кездеседі. ЕСІМДЕР80 жыл бұрын (1929) жазушы, аудармашы ШАНШАРОВ Айтбай дүниеге келді. Ақмола облысында туған. Қазақ мемлекеттік университетін бітірген. Қазақ мемлекеттік көркем әдебиет баспасында, «Қазақстан» баспасында редактор, аға редактор, Қазақ совет энциклопедиясында аға редактор қызметтерін атқарған. Қаламгердің балаларға арналған кітапшалары жарық көрген. Көркем аударма саласында Л.Толстойдың, И.Мележдің, П.Вежиновтың, С.Вангелидің роман, повестерін аударып, жеке кітап етіп бастырған. СӘУІРДІҢ 28-І, СЕЙСЕНБІЕңбекті қорғаудың дүниежүзілік күні. Әлемнің 100-ден астам елінде атап өтіледі. Аталмыш күнді атап өту идеясы 1989 жылы американдық және канадалық жұмысшылардың қаза тапқан жұмысшыларды еске алу мақсатында өткізген күннен (the Workers Memorial Day) бастау алады. 2001 жылы жылдан бастап жыл сайын атап өтіледі. ЕСТЕ ҚАЛАР ОҚИҒАЛАР51 жыл бұрын (1958) Солтүстік Қазақстан облыстық телевидение және радио хабарларын тарату комитеті құрылды.10 жыл бұрын (1999) Батыс Қазақстан облыстық филармониясына әнші, Қазақстанның халық әртісі Ғарифолла Құрманғалиевтің есімі берілді.3 жыл бұрын (2006) Алматыда Қыдырәлі Болманов пен Қарақат Әбілдинаның «Айналайын», «Ару ғұмыр» деп аталатын жаңа лазерлі күйтабақтарының тұсаукесері болды. Бұл «Мулен Руж» кешені базасында 2005 жылдың қараша айында құрылған «Арман продакшн» дыбыс жазу студиясының алғашқы жобасы. Студия қазақстандық әйгілі эстрада жұлдыздары мен жас музыканттарға кәсіби дыбыс жазу мен саз өңдеу қызметін ұсынады.ЕСІМДЕР105 жыл бұрын (1904-1974) тарих ғылымының кандидаты, Ұлы Отан соғысының ардагері ӘДІЛГЕРЕЕВ Халел Мұхамеджанұлы дүниеге келді. Батыс Қазақстан облысында туған. Қазан шығыс педагогикалық институтын бітірген. Абай атындағы Қазақ педагогикалық институтының, Шымкент мұғалімдер институтының деканы, директоры, кафедра меңгерушісі, доценті қызметтерін атқарған. Ғалым қазақ әдебиеттанушылары мен тарихшыларының тұрпайы социалистік әдістемелеріне қарсы шығып, шоқантануды бастаушылардың, С.Аспандияров туралы алғаш қалам тартқандардың бірі болды. Кенесары Қасымов бастаған қазақ халқының ұлт-азаттық қозғалысы жөнінде тарихшы Е.Бекмахановтың тұжырымдамасын қолдағаны үшін саяси қуғынға ұшыраған.60 жыл бұрын (1949) Қазақстан Республикасы бәсекелестікті қорғау агенттігінің төрағасы, экономика ғылымының кандидаты, доцент, күрестен спорт шебері, Қазақстанның үш дүркін чемпионы ЕСЕНБАЕВ Мәжит Төлеубекұлы дүниеге келді. Павлодар облысында туған. Қазақ политехникалық институтын бітірген. 1981-1989 жылдары ? Қарағанды педагогикалық институтының оқытушысы, аға оқытушысы, доценті, кафедра меңгерушісі, Қарағанды облыстық халық депутаттары кеңесі Атқару комитетінің Бас жоспарлау-экономикалық басқармасы бастығының орынбасары. 1989-1994 жылдары ? Қарағанды облыстық халық депутаттары кеңесінің Атқару комитеті төрағасының орынбасары ? Қарағанды қалалық экономика жөніндегі комитетінің төрағасы, Қарағанды облыстық әкімдігі басшысының орынбасары ? Қарағанды қалалық экономика және қаржы комитетінің төрағасы, Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Бас салық инспекциясының бастығы ? Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің бірінші орынбасары. 1994-1997 жылдары ? Қазақстан Республикасы Мемлекеттік салық комитетінің төрағасы, Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Салық комитетінің төрағасы. 1997-1999 жылдары ? Қарағанды облысының әкімі. 1999-2002 жылдары ? Қазақстан Республикасы Қаржы министрі. 2002-2003 жылдары ? Қазақстан Республикасы Экономика және сауда министрі, Индустрия және сауда министрі. 2003-2004 жылдары ? Қазақстан Республикасы Президентінің Көмекшісі. 2004-2008 жылдары ? Ақмола облысының әкімі. Қазіргі қызметінде 2008 жылдан бастап істейді. «Парасат», «Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті Н.Назарбаев» ордендерімен, медальдармен марапатталған.50 жыл бұрын (1959) Қазақстан Республикасының АҚШ-тағы Төтенше және Өкілетті Елшісі ЫДЫРЫСОВ Ерлан Әбілфайызұлы дүниеге келді. Қарағанды облысында туған. Мәскеу мемлекеттік халықаралық қатынастар институтын, КСРО Сыртқы істер министрлігі Дипломатиялық академиясын бітірген. Қазақ КСР Сыртқы істер министрлігі консульдық бөлімінің екінші хатшысы, министрдің көмекшісі, бөлім меңгерушісі, халықаралық экономикалық қатынастар жөніндегі кеңесші қызметтерін атқарған. 1995-1996 жылдары ? Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің басқарма бастығы, Ерекше тапсырмалар жөніндегі елшісі. 1996-1997 жылдары ? Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі. 1997-1998 жылдары ? Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары, Сыртқы істер вице-министрі ? 1-ші департамент директоры. 1998-1999 жылдары ? Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары. 1999-2002 жылдары ? Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрі, министрдің бірінші орынбасары. 2002-2007 жылдары Қазақстан Республикасының Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия Құрама Корольдігіндегі Төтенше және Өкілетті Елшісі, Қазақстан Республикасының Швед Корольдігіндегі, Норвегия Корольдігіндегі, Ирландия Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі міндетін қоса атқарушы қызметін атқарған. Қазіргі қызметінде 2007 жылдан бастап істейді. «Құрмет» орденімен, медальдармен марапатталған. СӘУІРДІҢ 29-Ы, СӘРСЕНБІХалықаралық би күні. Бұл мереке ЮНЕСКО-ның шешімімен 1982 жылдан бастап, француздық балетмейстер, би өнерінің реформаторы әрі теоретигі Жан Жорж Новердің (1727-1810) туған күніне орай атап өтіледі.Халықаралық хатшы (сондай-ақ директордың көмекшілерінің, кеңсе-менеджерлерінің, т.б.) күні. Сәуірдің соңғы аптасындағы сәрсенбіде атап өтіледі.ЕСТЕ ҚАЛАР ОҚИҒАЛАР69 жыл бұрын (1940) Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрында Ғабит Мүсіреповтің «Қозы Көрпеш ? Баян сұлу» пьесасының премьерасы қойылды.18 жыл бұрын (1991) Халықаралық хореография қайраткерлері қауымдастығы «Балеттік Бенуа» сыйлығын бекітті. Бұл сыйлық жыл сайын сәуірдің 29-дағы Халықаралық би күнінде табыс етіледі.7 жыл бұрын (2002) «Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Ұлттық кеңес құру туралы» Жарлық жарық көрді.ЕСІМДЕР55 жыл бұрын (1954) ақын, Қазақстан Республикасы Журналистика академиясының академигі, Қазақстан Мемлекеттік сыйлығының және Қазақстан Журналистер одағының М.Жұмабаев атындағы сыйлығының лауреаты ЕСДӘУЛЕТ Ұлықбек Оразбайұлы дүниеге келді. Шығыс Қазақстан облысында туған. Қазақ мемлекеттік университетін, А.Горький атындағы Әдебиет институты жанындағы Жоғары әдеби курсты бітірген. «Қазақстан пионері» газетінде, «Жазушы» баспасының поэзия редакциясында редактор, «Қазақ әдебиеті» газетінде бөлім меңгерушісі қызметтерін атқарған. 1988-1991 жылдары ? Қазақстан Жазушылар одағы басқармасының хатшысы. 1991-1993 жылдары ? «Жас қазақ» газетінің бас редакторы. 1993-1997 жылдары ? Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің бас маманы. 1997-2001 жылдары ? Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрлігі Тілдерді дамыту департаментінің бөлім меңгерушісі. 2001-2002 жылдары ? Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кеңсесінің сектор меңгерушісі. 2002 жылдан бастап «Қазақ әдебиеті» газетінің бас редакторы болған. Ақынның «Қанат қақты», «Жаратылыс», «Көздеріңе ғашықпын», «Жұлдыз жарығы», «Алтайдың алтын тамыры», «Заман-ай», «Киіз кітап», т.б. жыр жинақтары жарық көрген. Оның өлеңдеріне белгілі сазгерлер ән жазған. Бірқатар өлеңдері шет ел тілдеріне аударылған. Өзі де көркем аударма саласында М.Лермонтов, А.Блок, Н.Рубцов туындыларын қазақ тіліне тәржімалаған. «Құрмет» орденімен марапатталған. СӘУІРДІҢ 30-Ы, БЕЙСЕНБІВьетнамда жеңіс күні. 1975 жылы Оңтүстік Вьетнамның басты қаласы Сайгон азат етілді. Бұл соғыстың аяқталуына және оңтүстік пен солтүстіктің бірігуіне жол ашты.Швеция Корольдігінің ұлттық мейрамы ? Корольдің туған күні (1946). Швеция ? Батыс Еуропада орналасқан мемлекет. Скандинавия түбегінде оңтүстік, оңтүстік-батыстан солтүстік, солтүстік-шығысқа қарай 1600 шақырымға, шығыстан батысқа 400 шақырымға созыла орналасқан. Батысында Норвегиямен, солтүстік-шығысында Финляндиямен шектеседі. Оңтүстігі мен шығысы Балтық теңізі мен Ботния шығанағымен шайылады. Оңтүстік-батыс жағалауы Скагеррак, Каттегат, Эресунн бұғаздары арқылы Даниямен ұласады. Сонымен қатар Балтық теңізіндегі Готланд және Эланд аралдары да осы мемлекетке қарайды. Астанасы ? Стокгольм қаласы. Мемлекеттік тілі ? швед тілі. Ақша бірлігі ? швед кронасы. Швеция ? конституциялық монархия. Мемлекет басшысы ? король. Жоғарғы атқарушы органы ? Үкімет. Заң шығарушы жоғарғы органы бір палаталы парламент ? Риксдаг. Қазақстан Республикасы мен Швеция Корольдігі арасындағы дипломатиялық қарым-қатынас 1992 жылғы сәуірдің 7-інде орнатылды. Нидерланды Корольдігінің ұлттық мейрамы ? Королева күні. Нидерланды ? Батыс Еуропада орналасқан мемлекет. Бейресми атауы ? Голландия. Солтүстігінен және батысынан Солтүстік теңіз қоршап жатыр. Оңтүстігінде Бельгиямен, шығысында Германиямен шектеседі. Сонымен қатар батыс Фриз аралдары да осы корольдіктің құрамына кіреді. Әкімшілік жағынан 12 провинцияға бөлінеді. Астанасы ? Амстердам қаласы. Бірақ король резиденциясы, парламенті, үкіметі және дипломатиялық өкілдіктері Гаага қаласында орналасқан. Мемлекеттік тілі ? нидерланд тілі. Ақша бірлігі ? еуро. Нидерланды ? конституциялық монархия. Мемлекет басшысы ? король. Жоғарғы атқарушы органы ? Министрлер Кабинеті. Заң шығарушы жоғарғы органы екі палаталы парламент ? Бас штат. Қазақстан Республикасы мен Нидерланды Корольдігінің арасындағы дипломатиялық қарым-қатынас 1992 жылғы қыркүйектің 10-ында орнатылды.ЕСТЕ ҚАЛАР ОҚИҒАЛАР91 жыл бұрын (1918) Ташкентте өткен Түркістан кеңестерінің V төтенше аймақтық съезінде РКФСР құрамындағы Түркістан Автономиялық Кеңестік Социалистік Республикасы жарияланды.70 жыл бұрын (1939) Нью-Йоркта Бүкіләлемдік өндірістік көрме ашылды. Осы көрменің ашылуын көрсетумен АҚШ-та тұрақты түрде телехабарлар тарату басталды.4 жыл бұрын (2005) корейлік Юнг Сеук Парк (Оңтүстік Корея) жаяу Солтүстік полюсқа жетті.ЕСІМДЕР30 жыл бұрын (1979) шахматтан халықаралық дәрежедегі спорт шебері, халықаралық гроссмейстер, Жасөспірімдер арасында шахматтан Әлем чемпионы, Қазақстан жастар Конгресінің мүшесі САДУАҚАСОВ Дәрмен Қанатұлы дүниеге келді. Астана қаласында туған. Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетін бітірген. Жаттықтырушысы ? Асанов Болат. Ол 1998 жылы 20 жасқа дейінгі жасөспірімдер арасында әлем чемпионы атанды. 1999-2004 жылдары Қазақстанның ерлер арасында үш дүркін чемпионы болды. 2004 жылдың тамызында Копенгаген (Дания) қаласында шахматтан өткен халықаралық турнирде алтын жүлдені жеңіп алды. 2007 жылдан Карнеги Меллон (АҚШ) университетінде оқиды. «Құрмет» орденімен марапатталған.