ҚазАқпарат-Анонс: сәуірдің 29-ы мен мамырдың 3-і аралығындағы оқиғалардың күнтізбесі
ҮКІМЕТ Сәуірдің 29-ында Үкімет үйінде селекторлық кеңес өтеді. Сәуірдің 29-ында Әділет министрлігінде Қазақстан Республикасының Президентінің 2009 жылы сәуірдің 22-сіндегі «Қазақстан Республикасында қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті күшейту және құқық қорғау қызметін одан әрі жетілдіру жөніндегі қосымша шаралар туралы» №793 жарлығына арналған брифинг өтеді. Шара Тіркеу қызметі және құқықтық қызмет көрсету комитеті төрағасының орынбасары Жолдыбаева Ғалияның қатысуымен өтедіСәуірдің 29-ында Қаржы министрлігінде ведомство басшысы Б.Жәмішевтің қатысуымен баспасөз мәслихаты өтеді. ПАРЛАМЕНТСәуірдің 27-сі мен 30-ы аралығындағы Парламент Мәжілісінің апталық жоспарында аздаған өзгерістер бар. Мамыр мейрамына байланысты жұмыс аптасы төрт күн болады. Дүйсенбі, сәуірдің 27-сі күні Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің жұмыс тобында өлім жазасына қатысты заң жобасы қаралса, Экономикалық реформа және өңірлік даму комитетінің жұмыс тобында тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы заң жобасы талқыға салынады. Сейсенбі, бейсенбі күндері Палатаның салалық комитеттерінде құрылған жұмыс топтарында бірқатар заң жобалары талқыланады.Ал сәрсенбі, сәуірдің 29-ы күні Мәжілістің кезекті жалпы отырысы өтеді деп жоспарланып отыр.Бейсенбі, сәуірдің 30-ы күні Мәжіліс Бюросының отырысы өтетіні белгіленген.
ҚОҒАМЕлімізде 2009 жылғы ақпанның 17-сі мен шілденің 1-і аралығында шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерін тексеруге мораторий жарияланды.Көлік және коммуникация министрлігінің көліктік бақылау комитетінің ұйымдастыруымен ағымдағы жылғы наурыздың 30-ы мен сәуірдің 30-ы аралығында «Таза ауа» атты акция өткізіледі. Бұл акцияның басты мақсаты ? Қазақстан Республикасы заңнамасының экологиялық талаптары бойынша өрескел тәртіп бұзушыларды анықтау және тасымалдаушылар мен автокөліктерден шығатын ластаушы заттар мөлшерінің құрамы нормаларына қатаң бақылау орнату.Сәуірдің 15-і мен мамырдың 20-сы аралығындағы «Ең үздік студент ? 2009» республикалық сыйлығына байқау өтеді. Байқау 8 аталым бойынша жүргізілмек. Олар ? журналистика, ғылым, спорт, халықтық шығармашылық, дизайн және қолданбалы өнер, музыкалық- эстрадалық өнер, әдебиет және қоғамдық жұмыстар. Сайысқа 16 мен 25 жас аралығындағы жастар қатыса алады. Жеңімпаздарға «Ең үздік студент ? 2009» атағы беріліп, диплом, мүсінше мен бағалы сыйлық табыс етіледі.Сәуірдің 27-сі мен мамырдың 11-і аралығында «Жастардың кадрлық резерві» атты жобаның байқауы өтеді. Елбасы тапсырмасына сәйкес ұйымдастырылып отырған бұл байқауға жиырма тоғыз жасқа дейінгі отандық және шетелдік оқу орнын бітірген жас мамандар мен ЖОО-ның соңғы курс студенттері қатыса алады. Сәуірдің 29-ы мен мамырдың 16-сы аралығында Қытайдағы қазақтар шоғырлана қоныстанған 4 қала, 14 ауданда Қазақстан мен Қытай қазақтары айтыс өнерінің саңлақтары «Жекпе-жек» айтысын өткізбек.ҚАЗАҚСТАН ЖӘНЕ ӘЛЕМСәуірдің 28-30-ы күндері ЕҚЫҰ-ның Демократиялық институттар және адам құқықтары жөніндегі бюросының директоры Янеш Ленарчичтің Қазақстанға сапары өтеді.Сәуірдің 29-30-ында Қырғыз Республикасының Сыртқы істер министрі Қадырбек Сарбаевтың Қазақстанға ресми сапары болады. Сапар барысында екі мемлекет арасында 2003 жылы 25 желтоқсанда қол қойылған Одақтастық қарым-қатынас жөніндегі шартқа сәйкес құрылған Қазақстан және Қырғызстан Сыртқы істер министрлері кеңесінің үшінші отырысы өткізіледі. Сәуірдің 30-ында ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары Н.Ж.Даненовтың төрағалығымен Жан-жақты мерзімдік шолу (ЖМШ) бойынша консультациялық кездесу өткізу жоспарланып отыр. Бұл кездесуге БҰҰ-ның Адам құқықтары жөніндегі Жоғарғы комиссар басқармасы мен ҚР мемлекеттік органдарының өкілдері қатысады. АСТАНАСәуірдің 29-ында Медициналық академияда « Ұлттық медициналық холдинг» АҚ инновациялық медициналық орталықтарының жұмысына арналған «дөңгелек үстел» отырысы өтеді. Сәуірдің 29-ында Астана әкімдігінде қалалық мәслихаттың мәжілісі өтеді. Сәуірдің 29-ында Астана әкімдігінде елорда әкімі И.Тасмағамбетовтың қатысуымен Қазақстан Республикасының ЮНЕСКО және ИСЕСКО істері жөніндегі ұлттық комиссиясының мәжілісі өтеді. Сәуірдің 29-ында Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі агенттікте апталық брифинг өтеді. Сәуірдің 29-ында «Нұр Отан» партиясы орталық аппаратының кеңсесінде апталық брифинг өтеді. Сәуірдің 29-ында Ұлттық академиялық кітапханада «Украина ?Казахстан: дороги и перекрестки» кітабының таныстырылымы өтеді. Сәуірдің 29-ында Орталық сайлау комиссиясында ведомство төрағасы Қуандық Тұрғанқұлов ЕҚЫҰ-ның Демократиялық институттар және адам құқықтары жөніндегі бюросының директоры Янеш Ленарчичпен кездеседі. Сәуірдің 29-ында «Нұр Отан» партиясы орталық аппаратының кеңсесінде партия мен ҚР Президенті жанындағы Адам құқықтары жөніндегі комиссияның арасындағы меморандумға қол қою рәсімі болады. Елордада ағымдағы жылғы мамырдың 1-інен бастап «Астанаэнергиятарату» ЖШС электр энергиясына тарифтерді 1 кВт/сағатқа 5,62 теңгеден қосымша құн салығын қоса есептегенде 6,04 теңгеге дейін өсірмек.АЛМАТЫ Сәуірдің 25-30-ы күндері футболдан ІІ «ҚР Президенті кубогы» халықаралық жасөспірімдер турнирі өтуде.Сәуірдің 29-ында Қазақстанның Стратегиялық зерттеулер институтында «Қазақстан-Корей ынтымақтастығы: ағымдағы жағдай мен кемел келешегі» тақырыбына арналған халықаралық конференция өтеді. Сәуірдің 29-ында Алматы әкімдігінде ипотекалық займдарды қайта қаржыландыру мәселесіне арналған кеңес өтеді. Сәуірдің 29-ында Ұлттық кітапханада Д.Нақыповтың жаңа кітаптарының таныстырылымы болады. Сәуірдің 29-ында «Анкара» қонақүйінде Иіркөл уран кенішінің ашылуына арналған баспасөз мәслихаты өтеді. Сәуірдің 29-ында «Рахат-Палас» қонақүйінде ФИФА президентімен баспасөз мәслихаты өтеді. АЙМАҚАҚТӨБЕ ОБЛЫСЫСәуірдің 26-сы мен 29-ы аралығында Халықаралық астрономия күніне арналған «Астрон-2009» екінші аймақтық астрономиялық конференциясы өтеді. Облыстық білім және мәдениет басқармаларының қолдауымен ұйымдастырылған конференцияға Атырау, Батыс Қазақстан және Ақтөбе облыстарынан 8-10-шы сынып оқушылары қатысады. Конференцияның басты мақсаты ?мектеп оқушыларының астрономия мен ғарыш саласына қызығушылығын ояту. Үш күн ішінде оқушылар өздерінің ғылыми жобаларын қорғайды, Т.Бигелдинов атындағы Ақтөбе әуе қорғанысы күштерінің әскери институтында болады, жиынның құрметті қонағы - ғарыш техникасының еңбек сіңірген сынаушысы, профессор, генерал-майор В.Т.Довганьмен, астрономия мамандарымен кездеседі.АЛМАТЫ ОБЛЫСЫМамырдың 11-і мен 15-і аралығында Талдықорғанда ауыр атлетикадан Азияның кезекті чемпионаты өтеді. БАТЫС ҚАЗАҚСТАНСәуірдің 1-і мен мамырдың 1-і аралығында Орал қаласында тазалық айлығы жарияланды. Осыған орай қала әкімдігінің құрылымдық бөлімшелері мен тұрғын үй-коммуналдық саласы кәсіпорындары ауқымды жұмыс көлемін атқармақ. Тазалық айлығы жариялануына байланысты Орал қалалық ардагерлер кеңесі үндеу қабылдады. Онда ардагерлер мекеме-кәсіпорындар, ұйымдар басшы-қызметкерлері мен қала тұрғындарын айлыққа белсенді қатысуға шақырған.
--------------------------------------------------------------------------------------------------
АТАУЛЫ КҮНДЕР, ЕЛЕУЛІ ОҚИҒАЛАР
СӘУІРДІҢ 29-Ы, СӘРСЕНБІХалықаралық би күні. Бұл мереке ЮНЕСКО-ның шешімімен 1982 жылдан бастап, француздық балетмейстер, би өнерінің реформаторы әрі теоретигі Жан Жорж Новердің (1727-1810) туған күніне орай атап өтіледі.Халықаралық хатшы (сондай-ақ директордың көмекшілерінің, кеңсе-менеджерлерінің, т.б.) күні. Сәуірдің соңғы аптасындағы сәрсенбіде атап өтіледі.ЕСТЕ ҚАЛАР ОҚИҒАЛАР69 жыл бұрын (1940) Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрында Ғабит Мүсіреповтің «Қозы Көрпеш ? Баян сұлу» пьесасының премьерасы қойылды.18 жыл бұрын (1991) Халықаралық хореография қайраткерлері қауымдастығы «Балеттік Бенуа» сыйлығын бекітті. Бұл сыйлық жыл сайын сәуірдің 29-дағы Халықаралық би күнінде табыс етіледі.7 жыл бұрын (2002) «Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Ұлттық кеңес құру туралы» Жарлық жарық көрді.ЕСІМДЕР55 жыл бұрын (1954) ақын, Қазақстан Республикасы Журналистика академиясының академигі, Қазақстан Мемлекеттік сыйлығының және Қазақстан Журналистер одағының М.Жұмабаев атындағы сыйлығының лауреаты ЕСДӘУЛЕТ Ұлықбек Оразбайұлы дүниеге келді.
Шығыс Қазақстан облысында туған. Қазақ мемлекеттік университетін, А.Горький атындағы Әдебиет институты жанындағы Жоғары әдеби курсты бітірген. «Қазақстан пионері» газетінде, «Жазушы» баспасының поэзия редакциясында редактор, «Қазақ әдебиеті» газетінде бөлім меңгерушісі қызметтерін атқарған. 1988-1991 жылдары ? Қазақстан Жазушылар одағы басқармасының хатшысы. 1991-1993 жылдары ? «Жас қазақ» газетінің бас редакторы. 1993-1997 жылдары ? Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің бас маманы. 1997-2001 жылдары ? Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрлігі Тілдерді дамыту департаментінің бөлім меңгерушісі. 2001-2002 жылдары ? Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кеңсесінің сектор меңгерушісі. 2002 жылдан бастап «Қазақ әдебиеті» газетінің бас редакторы болған. Ақынның «Қанат қақты», «Жаратылыс», «Көздеріңе ғашықпын», «Жұлдыз жарығы», «Алтайдың алтын тамыры», «Заман-ай», «Киіз кітап», т.б. жыр жинақтары жарық көрген. Оның өлеңдеріне белгілі сазгерлер ән жазған. Бірқатар өлеңдері шет ел тілдеріне аударылған. Өзі де көркем аударма саласында М.Лермонтов, А.Блок, Н.Рубцов туындыларын қазақ тіліне тәржімалаған.
«Құрмет» орденімен марапатталған.
СӘУІРДІҢ 30-Ы, БЕЙСЕНБІВьетнамда жеңіс күні. 1975 жылы Оңтүстік Вьетнамның басты қаласы Сайгон азат етілді. Бұл соғыстың аяқталуына және оңтүстік пен солтүстіктің бірігуіне жол ашты.Швеция Корольдігінің ұлттық мейрамы ? Корольдің туған күні (1946). Швеция ? Батыс Еуропада орналасқан мемлекет. Скандинавия түбегінде оңтүстік, оңтүстік-батыстан солтүстік, солтүстік-шығысқа қарай 1600 шақырымға, шығыстан батысқа 400 шақырымға созыла орналасқан. Батысында Норвегиямен, солтүстік-шығысында Финляндиямен шектеседі. Оңтүстігі мен шығысы Балтық теңізі мен Ботния шығанағымен шайылады. Оңтүстік-батыс жағалауы Скагеррак, Каттегат, Эресунн бұғаздары арқылы Даниямен ұласады. Сонымен қатар Балтық теңізіндегі Готланд және Эланд аралдары да осы мемлекетке қарайды. Астанасы ? Стокгольм қаласы. Мемлекеттік тілі ? швед тілі. Ақша бірлігі ? швед кронасы. Швеция ? конституциялық монархия. Мемлекет басшысы ? король. Жоғарғы атқарушы органы ? Үкімет. Заң шығарушы жоғарғы органы бір палаталы парламент ? Риксдаг.
Қазақстан Республикасы мен Швеция Корольдігі арасындағы дипломатиялық қарым-қатынас 1992 жылғы сәуірдің 7-інде орнатылды. Нидерланды Корольдігінің ұлттық мейрамы ? Королева күні. Нидерланды ? Батыс Еуропада орналасқан мемлекет. Бейресми атауы ? Голландия. Солтүстігінен және батысынан Солтүстік теңіз қоршап жатыр. Оңтүстігінде Бельгиямен, шығысында Германиямен шектеседі. Сонымен қатар батыс Фриз аралдары да осы корольдіктің құрамына кіреді. Әкімшілік жағынан 12 провинцияға бөлінеді. Астанасы ? Амстердам қаласы. Бірақ король резиденциясы, парламенті, үкіметі және дипломатиялық өкілдіктері Гаага қаласында орналасқан. Мемлекеттік тілі ? нидерланд тілі. Ақша бірлігі ? еуро. Нидерланды ? конституциялық монархия. Мемлекет басшысы ? король. Жоғарғы атқарушы органы ? Министрлер Кабинеті. Заң шығарушы жоғарғы органы екі палаталы парламент ? Бас штат.
Қазақстан Республикасы мен Нидерланды Корольдігінің арасындағы дипломатиялық қарым-қатынас 1992 жылғы қыркүйектің 10-ында орнатылды.ЕСТЕ ҚАЛАР ОҚИҒАЛАР91 жыл бұрын (1918) Ташкентте өткен Түркістан кеңестерінің V төтенше аймақтық съезінде РКФСР құрамындағы Түркістан Автономиялық Кеңестік Социалистік Республикасы жарияланды.70 жыл бұрын (1939) Нью-Йоркта Бүкіләлемдік өндірістік көрме ашылды. Осы көрменің ашылуын көрсетумен АҚШ-та тұрақты түрде телехабарлар тарату басталды.4 жыл бұрын (2005) корейлік Юнг Сеук Парк (Оңтүстік Корея) жаяу Солтүстік полюсқа жетті.ЕСІМДЕР30 жыл бұрын (1979) шахматтан халықаралық дәрежедегі спорт шебері, халықаралық гроссмейстер, Жасөспірімдер арасында шахматтан Әлем чемпионы, Қазақстан жастар Конгресінің мүшесі САДУАҚАСОВ Дәрмен Қанатұлы дүниеге келді.
Астана қаласында туған. Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетін бітірген. Жаттықтырушысы ? Асанов Болат. Ол 1998 жылы 20 жасқа дейінгі жасөспірімдер арасында әлем чемпионы атанды. 1999-2004 жылдары Қазақстанның ерлер арасында үш дүркін чемпионы болды. 2004 жылдың тамызында Копенгаген (Дания) қаласында шахматтан өткен халықаралық турнирде алтын жүлдені жеңіп алды. 2007 жылдан Карнеги Меллон (АҚШ) университетінде оқиды.
«Құрмет» орденімен марапатталған.