ҚазАқпарат-Анонс: желтоқсанның 30-ы мен қаңтардың 3-і аралығындағы оқиғалардың күнтізбесі

None
None
None

ҮКІМЕТ
ҚР Үкіметінің қаулысымен жұмысшылардың тынығуына қолайлы жағдай жасау және жұмыс уақытын тиімді пайдалану үшін демалыс күні 2010 жылғы қаңтардың 10-ындағы жексенбіден қаңтардың 8-індегі жұма күніне ауыстырылды.

АСТАНА

Желтоқсанның 19-ы мен 31-і аралығында Астанада Жаңа жылға арналған салтанатты іс шаралар өтеді. Елордалық әкімдіктің баспасөз қызметі  таратқан кесте бойынша, желтоқсанның 23-30-ы аралығында «Жастар» сарайында жаңажылдық қойылымдар, би кештері ұйымдастырылады.

Желтоқсанның  30-ы күні Астанадағы «Бәйтерек»   медиа-орталығында  «Азаматтық қоғам және   ұлттық   идея -   журналистер көзімен»  конкурсына  қатысқан журналистерді марапаттау  салтанаты  өтеді. 

Желтоқсанның 31-і мен қаңтардың 4-і аралығында астаналық тәртіп сақшылары күшейтілген  режимде  жұмыс істейтін  болады.

АЛМАТЫ

Желтоқсанның 30-ында  Ұлттық банктің  орталық кеңсесінде  брифинг   болады.

Желтоқсанның   30-ында  қыз балаларға  арналған  «Әдемі»  дайындық мектебінің  ашылу   салтанаты  болады.

Желтоқсанның  30-ында   «Айгөлек»  балабақшасы    ашылады. 

Желтоқсанның  30-ында «Қаламгер» баспасөз орталығында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне арналған     деректі фильмнің  таныстырылымы  болады.

Алдағы жылғы қаңтардың 2-10 күндері аралығында Алматыда Азиялық  мультфильмдердің «Анимация» фестивалі  өтеді. Шараға әйгілі «Алғашқы топ» мультфильмінің режиссері Йошихару Асино арнайы келмек. Фестиваль күндері ол 2 күн арнайы шеберлік сыныбын өткізеді.

АТАУЛЫ КҮНДЕР. ЕЛЕУЛІ ОҚИҒАЛАР. МЕРЕЙТОЙЛАР.

30 ЖЕЛТОҚСАН, СӘРСЕНБІ

Мадагаскар Республикасының күні. 1975 жылы желтоқсанның 21-де Референдум Демократиялық Мадагаскар Республикасының Ата Заңын қабылдады.

ОҚИҒАЛАР

14 жыл бұрын (1995) Қарағанды облысының Егіндібұлақ ауылында Қазыбек биге ескерткіш орнатылды.

11 жыл бұрын (1998) Қазақстан Республикасының «Импорт тауарларынан ішкі нарықты қорғау туралы шаралар» Заңы қабылданды.

10 жыл бұрын (1999) Ақмола облысы Атбасар қаласында жазушы Ілияс Есенберлиннің мұражайы ашылды. Жазушы тұрған үйге ескерткіш тақта орнатылды.

ЕСІМДЕР

95 жыл бұрын (1914-1996) тарих ғылымдарының кандидаты, доцент, Қазақ КСР-не еңбек сіңірген мұғалімі, Қазақ қыздар педагогикалық институтының алғашқы ректоры МУРЗАБЕКОВА (Мырзабекова) Тұрсын дүниеге келді.

Алматы қаласында туған.

Қазақ педагогикалық институтын (Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университет) бітірген.

1933-1945 жылдары оқытушылық, Шымкент қалалық атқару комитетінде қызмет атқарған. 1945-1959 жылдары - Қазақ қыздар педагогикалық институтының ректоры. 1959-1978 жылдары - Қазақ мемлекеттік университетінің (әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті) оқытушысы.

Қыздар педагогикалық институтында жатақхана мен оқу корпустарын салуды, студенттерді тегін тамақтандыруды, кітапханаларға Мәскеу, Санкт-Петербор қалаларынан кітаптар алдырып, химиялық лаборатория ұйымдастырған.

Еңбек Қызыл Ту, «Құрмет белгісі» ордендерімен, медальдармен марапатталған.

70 жыл бұрын (1939) ғалым, заң ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Ұлттық Ғылым Академиясының академигі, Құқық және нарық академиясының ректоры СӘБІКЕНОВ Салахиден Нұрсалиұлы дүниеге келді.

Атырау облысында туған.

Қазақ мемлекеттік университетін (әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті) бітірген.

1965-1993 жылдары - Қазақстан Ғылым Академиясы Философия және құқық институтының ғылыми қызметкері, Қарағанды жоғары милиция мектебінің оқытушысы. 1993-1995 жылдары - Алматы жоғары милиция мектебі бастығының орынбасары. 1996-1998 жылдары - Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің мүшесі.

«Право и социальные интересы», «Нормативно-правовые акты», «Концепция правового государства», «Салыстырмалы мемлекеттік құқық» ғылыми еңбектердің авторы. 5 ғылым докторын, 35 ғылым кандидатын дайындаған.

31 ЖЕЛТОҚСАН, БЕЙСЕНБІ

Әлем әзербайжандарының ынтымақтастық күні. Алғашқы рет 1991 жылғы желтоқсанның 16-ында әзірбайжан халқының көшбасшысы Гейдар Алиев Нахичеван Автономиялық Республикасының Жоғарғы Мәжілісінің төрағасы бола тұрып жариялады, содан кейін бұл күн әзірбайжан халқының ұлттық мейрамы болып қалды.

Қырғыстанның кеден қызметкерлерінің күні. 2006 жылғы ақпанның 15-і Қырғыз Республикасы Үкіметінің Қаулысымен Қырғыз Республикасының кеден қызметінің дәстүрін ұйымдастыру және мирасқорлығын қамтамасыз ету мақсатында бекітілген.

ОҚИҒАЛАР

15 жыл бұрын (1994) академик Зейнолла Қабдоловқа «Қазақстанның халық жазушысы» құрметті атағы берілді.

15 жыл бұрын (1994) әнші Мақпал Жүнісоваға «Қазақстанның халық әртісі» құрметті атағы берілді.

13 бұрын (1996) Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевтың Қаулысымен «Шетелде тұратын отандастарға көмек көрсету мемлекеттік бағдарлама» бекітілді.

5 жыл бұрын (2004) Алматыда Қазақстаның тарихы, мәдениеті және өнері туралы «World Discovery Kazakhstan» атты журналының бірінші саны жарық көрді. Жаңа журналда тарих, мәдениет, қазіргі қазақстан қоғамының сана сезімінің дамуы туралы тақырыптар қозғалады. Журналдың баспагерлері мен редакция ұжымының ойынша, «World Discovery Kazakhstan», қазіргі қазақстан қоғамы өзін-өзі идентификациялау және қалыптастыру үшін ғана арналған, сол ұлттық нақыш басқа бірлестіктердегі халықтарды біріктіреді. Баспаның тиражы - 15 мың дана, жылына 4 рет шығады.

ЕСІМДЕР

95 жыл бұрын (1914-1974) жазушы, аудармашы, ғалым, филология ғылымдарының кандидаты САТЫБАЛДИЕВ Әбен дүниеге келді.

Тараз қаласында туған.

Қазақ мемлекеттік университетін (әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті) бітірген.

1939-1962 жылдары - «Оңтүстік Қазақстан» облыстық газетінің әдеби қызметкері, бөлім меңгерушісі, «Социалистік Қазақстан» («Егемен Қазақстан») газетінің меншікті тілшісі, бөлім меңгерушісі, «Ара» - «Шмель» журналының жауапты хатшысы, «Жұлдыз» журналы бас редакторының орынбасары, «Қазақ әдебиеті» газетінің бас редакторы. 1968-1974 жылдары Қазақ КСР Ғылым Академиясы Тіл білімі институтының аға ғылыми қызметкері, Қазақ Совет энциклопедиясы бас редакторының бірінші орынбасары қызметтерін атқарған.

«Рухани қазына» ғылыми еңбектер жинағының, «Ақмарал» әңгіме, очерктер жинағының авторы. И.Гончаровтың «Жар» романын, Б.Полевойдың «Нағыз адам туралы аңыз», Ф.Гладковтың «Балалық шақ» повестерін, А.Қаһардың «Қыштақ», Ш.Рашидовтың «Дауылдан да күшті» романдарын қазақ тіліне аударған.

85 жыл бұрын (1924-1991) ғалым, өнертану ғылымдарының кандидаты, профессор БИСЕНОВА Ғафура Нұрғалиқызы дүниеге келді.

Батыс Қазақстан облысы Ақжайық ауданында туған.

Орал педагогикалық институтын (М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университет), Алматы консерваториясын (Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясы) бітірген.

Орал педагогикалық институты физика-математика факультетінің оқытушысы болған. 1953-1967 жылдары - Қазақ радиосының көркемдік жетекшісі, Қазақстан Коммунистік партиясы Орталық Комитеті үгіт-насихат бөлімінің нұсқаушысы. 1967 жылдан Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының ғылыми жұмыстар жөніндегі проректоры, қазақ музыкасы мен фольклоры кафедрасының профессоры қызметтерін атқарған.

Ғылыми еңбектері қазақтың халық музыкасын зерттеуге, негізінен Абайдың ән шығармашылығына арналған.

ҚАҢТАРДЫҢ 1-І, ЖҰМА

Дүниежүжілік бейбітшілік күні. 1968 жылы Рим Папасы VI Павел жариялаған. 1969 жылдың 17 желтоқсанында БҰҰ Бас Ассамблеясы ресми түрде жариялады.

Судан Республикасының Ұлттық мейрамы - Тәуелсіздік күні (1956). Африканың солтүстік-шығысында орналасқан мемлекет. Астанасы - Хартум қаласы. Мемлекет басшысы - президент. Заң шығарушы органы - 1 палаталы парламент (Ұлттық ассамблея). Атқарушы органы - Министр Кеңесі. Ресми тілі - араб тілі. Ақша бірлігі - судан динары.

Куба Республикасының Ұлттық мейрамы - Азаттық күні. Куба революциясының жеңісі (1959). 1956 жылы Ф.Кастро бастаған қарулы көтерілісшілер ұлт-азаттық күресін бастады. 1959 жылғы қаңтардың 1-де үш жылға созылған Куба революциясы жеңіске жетті.

Қазақстан Республикасы мен Куба Республикасы арасындағы дипломатиялық қарым-қатынас 1992 жылғы наурыздың 24-де орнатылды.

ОҚИҒАЛАР

30 жыл бұрын (1980) Алматы сәулет-құрылыс институты (қазіргі Қазақ мемлекеттік сәулет-құрылыс академиясы) құрылды. Институт Қазақтың политехникалық институтының сәулет және инженерлік-құрылыс факультеттерінің және Бүкілодақтық сырттай инженерлік-құрылыс институтының Алматы филиалының негізінде құрылды. 1992 жылдан қазіргі атымен аталады. Отыз жылдан бері институтта 10 мыңнан аса жоғары дәрежелі мамандар дайындалды. Бүгінде академияда 14 мамандык бойынша 4 мыннан аса студенттер оқиды. 40 кафедрада 500-ге жуық оқытушылар бар. Оны ішінде 30-дан аса ғылым докторы, профессоры, 200-ге тарта ғылым кандидаты, доценті бар.

  

30 жыл бұрын (1980) көркемөнер жайындағы әдебиеттер шығаратын «Өнер» баспасы ашылды.

15 жыл бұрын (1995) Қазақстанда жаңа төлқұжат енгізіліп, қызыл тысты кеңес паспорты куәлікке ауыстырылды.

1 жыл бұрын (2009) Қазақстан Республикасы ресми түрде Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы (ЕҚЫҰ) төрағалары «Үштігінің» құрамына кірді.

ЕҚЫҰ-ның Рәсімдер ережелеріне сәйкес «Үштікті» ұйымның қазіргі, алдыңғы және кейінгі төрағалары құрайды.

«Үштік» іс-қимылдар мен ортамерзімдік жоспарлауды үйлестірудің маңызды құралы болып табылады. Ол Ұйым қызметіндегі сабақтастықты қамтамасыз ететін және Қазіргі төрағаға кеңес беретін орган болып табылады.

Мұнымен қатар, Қазақстан Ұйымға қатысушы 56 елден басқа құрамына Алжир, Египет, Израиль, Иордания, Марокко және Тунис кіретін ЕҚЫҰ-ның Жерортатеңіздік әріптес елдермен ынтымақтастық жөніндегі байланыстары тобына төрағалық етуге кірісті.

Жерортатеңіздік әріптестермен өзара іс-қимыл - ЕҚЫҰ қызметінің маңызды бағыттарының бірі болып табылады және де өз арасындағы тиімді мүдделер салаларын, сондай-ақ қауіпсіздікті қамтамасыз ету мен қауіп-қатерлерге қарсы тұру әрекеттерін одан әрі үйлестіру мақсатындағы мүмкіндіктерді анықтауға бағытталған.

ЕСІМДЕР

90 жыл бұрын (1920-1991) геология-минералогия ғылымдарының докторы атағын алған алғашқы қазақ әйелі, геолог, профессор, Қазақстан Ғылым академиясының корреспондент мүшесі ТӘЖІБАЕВА Патшайым Тәжібайқызы дүниеге келді.

Оңтүстік Қазақстан облысы Төле би ауданында туған.

Ташкенттегі Орта Азия университетін бітірген.

1947-1991 жылдары Қазақстан Ғылым академиясының Геология ғылымдары институтында аға ғылыми қызметкер, зертхана меңгерушісі, бөлім бастығы қызметтерін атқарған.

Оның басшылығымен шөгінді жыныстар мен рудаларды зерттеуде жаңа физикалық әдістер кешені қолданыла бастады. П.Тәжібаева Қазақстанда литология және шөгінді пайдалы қазбалар жөніндегі ілімнің дамуына үлкен үлес қосты. Орталық Қазақстанның шөгінді жыныстары мен рудаларын зерттеді.

Екі мәрте Халықтар достығы орденімен, медальдармен марапатталған.

60 жыл бұрын (1950) ауыл-шаруашылығы ғылымдарының кандидаты, Парламент Мәжілісінің депутаты - Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің мүшесі ОМАРОВ Ермұханбет Омарұлы дүниеге келді.

Алматы облысының Талғар ауданындағы Шеңгелді ауылында туған.

Қазақ мемлекеттік ауылшаруашылығы институтын бітірген.

1976-1981 жылдары Еңбекшіқазақ ауданындағы «Балтабай» кеңшарында бригадир, бөлім басқарушысы, аға агроном, 1981-1985 жылдары Балтабай ауылдық Кеңесінің төрағасы кызметін атқара жүріп, халық депутаттары аудандық Кеңесінің депутаты болып сайланды. 1985-1990 жылдары «Талғар» кеңшары партия ұйымының хатшысы, облыстық партия комитетінің нұсқаушысы, бөлім меңгерушісінің орынбасары қызметтерін атқарды. 1990-1992 жылдары облыстық агроөнеркәсіп комитеті төрағасының бірінші орынбасары, 1992-1996 жылдары Алматы облыстық жер қатынастары мен жерге орналастыру комитетінің төрағасы болды. 1996-1998 жылдары Алматы облысы Әкімінің орынбасары болып істеді. 1998 жылдың наурызынан бастап 2004 жылдың қарашасына дейін Алматы облысы Панфилов ауданының әкімі қызметін атқарды. 2004 жылдың қарашасынан 2007 жылдың маусым айына дейін Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі үшінші шақырылымының депутаты, аграрлық мәселелер жөніндегі комитетінің мүшесі болды.

Қазіргі қызметінде - 2007 жылдың кыркүйегінен.

«Нұр Отан» халықтық-демократиялық партияның мүшесі.

«Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 10 жыл», «Қазақстан Республикасының Конституциясына 10 жыл», «Қазақстан Республикасының Парламентіне 10 жыл», «Тыңға 50 жыл» және «Астана» мерекелік медальдарымен марапатталған.

ҚАҢТАРДЫҢ 2-І, СЕНБІ

Швейцарияда Әулие Бертольд күні. Жаңа жылдық мерекеден кейін - Әулие Бертольд күні - Берн қаласының қаланғанына орай атап өтеді. Елдің астанасы - Берннің 1191 жылы Бургундия үкіметінің Бесінші Церингер Бертольд герцогінің қаулы шығаруымен негізі қаланды.

ОҚИҒАЛАР

42 жылбұрын(1968) «Вечерний Алматы» газетінің алғашқы саны жарық көрді.

Газет қала әкімшілігі мен мәслихатының, қоғамдық және мәдени ұйымдарының тұрмысындағы жаңалықтарды, кәсіпкерлік, іскерлік, сауда мен көлік саласындағы ақпараттарды жариялайды. Сондай-ақ, нарықтық экономика мәселелері мен әлеуметтік-құқықтық тақырыптарды кеңінен қамтып, оқырман сауалдарына кеңес беріп отырады.

18 жыл бұрын (1992) Қазақстан Республикасы Еуропадағы Қауіпсіздік пен ынтымақтастық жөніндегі ұйымға мүше болды.

3 жыл бұрын (2007) Қазақстан Рамсар конвенциясына қол қойған 154-ші ел болды. 2007 жылғы қаңтардың 2-інде құжатқа қол қойылды, төрт айдан кейін мамырдың 2-інде күшіне енді.

Қазақстанның алғашқы Рамсар объектісі - Ақмола облысындағы Теңіз-Қорғалжын көлдерінің жүйесі - халықаралық мәні бар сулы-сазды жерлер тізіміне 1976 жылы қазанда енгізілген.

Рамсар кіші гранттар қорын қоса Конвенцияға бірігу жұмыстары Біріккен ұлттар ұйымының даму бағдарламасының (БҰҰДБ - ПРООН) Астанадағы өкілдері мен Халықаралық құстарды қорғау одағының көмегімен және де Ұлыбританиядағы құстарды қорғау Королдік ұйымы мен Қазақстандағы биоалуандықты сақтау қауымдастығымен жүзеге асырылды.

ЕСІМДЕР

85 жыл бұрын (1925-1999) Кеңес Одағының Батыры ҚАЙЫРБАЕВ Махмет дүниеге келді.

Семей облысы Бесқарағай ауданында туған.

1942 жылы әскер қатарына шақырылды. Танкіге қарсы жоюшы-артиллерия полкінің батарея командирі болды. 1944 жылы Шауляй қаласының (Литва) түбінде болған ұрыста асқан ерліктің үлгісін көрсетті. Құрамында аға лейтенант Махмет бар 15 кеңес әскері жаудың 3 танкісін, автоматшылардың үлкен тобын жойды. Осы ерлігі үшін Махмет Қайырбаевқа 1945 жылы Кеңес Одағының Батыры атағы берілді.

1945 жылы Дзержинский атындағы Әскери академиясы жанындағы курсты бітірген.

Оның батареясының 76 миллиметрлік зеңбірегі Павлодар облыстық тарихи-өлкетану мұражайында сақтаулы.

1946 жылы запасқа шығып, елге оралғаннан кейін аудандық атқару комитеттерінде жұмыс істеді. Ақтоғай ауданын басқарды. Павлодар облыстық партия комитетінің екінші хатшысы болды. 1976-1982 жылдары Павлодар облыстық атқару комитетінің төрағасы болып жұмыс істеді.

Ленин, Октябрь Революциясы, Александр Невский, 1- және 2-дәрежелі Отан соғысы, Еңбек Қызыл Ту ордендерімен, медальдармен марапатталған.

Оның есімі Павлодардағы бір көшеге және Балалар спорт мектебіне берілген.

55 жыл бұрын (1955) Парламент Мәжілісінің депутаты - Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің мүшесіСЕЙІТМАҒАНБЕТОВА Гүлнәр Сүлейменқызы дүниеге келді.

Маңғыстау облысының Тұщықұдық ауылында туған.

Қазақ химия-технология институтын, Мәскеу жоғары партия мектебін, Орталық Азия университетін бітірген.

Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары қызметін атқарған.

Қазіргі қызметінде - 2007 жылдан.

ҚАҢТАРДЫҢ 3-І, ЖЕКСЕНБІ

ОҚИҒАЛАР

18 жыл бұрын (1992) Қазақстан Республикасы мен Қытай Халық Республикасының арасындағы дипломатиялық қарым-қатынас орнатылды.

5 жыл бұрын (2005) Павлодарда Кеңес Одағының Батыры Махмет Қайырбаевқа ескерткіш тақта орнатылды.

М.Қайырбав (1925-1996) - 1943 жылы Калинин және Беларус майдандарында полк, батареяны басқарған. Соғыс жылдары 2 рет Отан соғысы, Александр Невский ордендерiмен, медальдармен марапаттаған. 1944 жылы 19-жастағы қазақстандық Шауляй түбіндегі шайқасы үшін Кеңес Одағының Батыры атанды.

Соғыстан кейiнгі жылдары да ерен еңбегі үшін екi рет Еңбек Қызыл Ту орденiмен марапатталған.

3 жыл бұрын (2007) Семей мемлекеттік университетінің жанындағы «ХХІ ғасыр және Шәкәрім әлемі» атты ғылыми-зерттеу орталығының қызметкерлері зерттеулер жүргізу барысында қазақ ақыны және философы Шәкәрiм Құдайбердиевтiң өмірбаянының осы уақытқа дейін белгiсiз болып келген айғақтарын тапты.

Ғалымдар Шәкәрiмнің ұлы Зият ақын және режиссер болғаны туралы куәландыратын құжаттар тапты. Ол Қытайда өмiр сүрiп және жұмыс iстеген және сол жерде қазақ мәдениетiн белсене насихаттаған. Сонымен бiрге оның жазған әндері де табылған.

3 жыл бұрын (2007) Парижде қазақтың танымал жазушысы, М.Шолохов атындағы халықаралық сыйлықтың иегері Сәбит Досановтың француз тілінде «Белая Аруана» атты кітабы жарық көрді.

Кітаптың алғы сөзін көрнектi әдеби сыншы Альбер Фишлер жазды. Аудармасын жасаған белгiлi француз аудармашысы Анри Авриль.

ЕСІМДЕР

110 жыл бұрын (1900-1974) ғалым, медицина ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстандағы ортопедиялық-травматология негізін салушылардың бірі ЭДЕЛЬШТЕЙН Григорий Львович дүниеге келді.

Ұлы Отан соғысына қатысқан.

Украинаның Днепропетровск облысында туған.

Ресейдегі Томск мемлекеттік университетін бітірген.

1958 жылдан Қазақстанда тұрып, Алматы мемлекеттік медициналық институтының кафедра меңгерушісі, Қазақ КСР Денсаулық сақтау министрлігінің бас травматологы болған. 1964-1974 жылдары Алматы дәрігерлер білімін жетілдіру институты травматология және ортопедия кафедрасының меңгерушісі, ғылыми кеңесшісі қызметтерін атқарған.

Негізгі ғылыми еңбектері сүйек пластикасы (өз сүйегін өзіне, сондай-ақ өзгенің сүйегін жамау) мәселелеріне арналған.

60 жыл бұрын (1950-2008) еркін күрестен, самбо, қазақша күрестен спорт шебері БАЙМҰҚАШЕВ Сейдәлім Мұқанбайұлы дүниеге келді.

Алматы облысында туған.

Еркін күрестен, самбо күресінен Қазақстан чемпионы. Қазақша күрестен XV, XVI Қазақстан Спартакиадаларының чемпионы.

Еркін күрестен ауыл спортшылары арасындағы КСРО чемпионатына қатысқан.

1979 жылы еркін күрестен Ұлан-Батырда (МХР), Ташкентте (Өзбекстан) Орталық Азия жүлдесіне өткізілген Халықаралық турнирлердің жеңімпазы.

Соңғы жаңалықтар