Қазақсандық автокоманда әлемдік турнирдің бас жүлдесін еншіледі
АСТАНА. KAZINFORM — Италияның Мисано халықаралық автодромында өтіп жатқан Lamborghini Super Trofeo сериясы қорытынды турнирі мәресіне жетті.
Әлемдік финалдың екінші кезеңінде 38 команда жарыс жолына шықты. Artline Kazakhstan автоспорт командасы шабандоздары Шота Абхазава мен Егор Оруджев Pro-Am санатында өнер көрсетіп, мәре сызығын екінші болып кесті.
Әлемдік финалдың екі кезеңінің қортындысы бойынша қазақстандық команда 27 ұпай еншілеп, қорытынды турнирдің бас жүлдесін еншіледі.

Lamborghini Super Trofeo — Lamborghini Squadra Corse ұйымдастырған халықаралық автожарыс сериясы. Еуропа, Азия және Солтүстік Америка құрлығындағы турнирде шабандоздар 6 кезеңде 2 жарыс алаңында (50 минут) сынға түсіп, финалдық кезеңді өзара сарапқа салады.
Сонымен қатар бұл автожарыста Huracán Super Trofeo Evo модельдік көліктері қолданылады.
Осыған дейін хабарлағанымыздай, Artline Kazakhstan автоспорт командасы әлемдік финалдың алғашқы кезеңінде топ жарып, тарихи жетістікке қол жеткізді.