Қазақстан 2012 жылы дүниежүзілік дағдарысқа қарсы конференцияны өткізуді ұсынады - Н. Назарбаев

АСТАНА. 15 желтоқсан. ҚазАқпарат /Руслан Ғаббасов/ - Қазақстан 2012 жылы дүниежүзілік дағдарысқа қарсы конференцияны өткізуді ұсынады. Бұл туралы бүгін Астанадағы Тәуелсіздік сарайында Қазақстан Тәуелсіздігінің 20 жылдығына арналған салтанатты жиналыста Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев мәлім етті.

Қазақстан 2012 жылы дүниежүзілік дағдарысқа қарсы конференцияны өткізуді ұсынады - Н. Назарбаев

«Қазақстан Ислам ынтымақтастық ұйымы мемлекеттерімен бірлесе 2012 жылы дүниежүзілік дағдарысқа қарсы конференцияны өткізуді ұсынады. Онда әлемнің барша елдері қатыса алады. Атап айтқанда, БҰҰ-ның дағдарысқа қарсы жоспары болатындай әлемдік реформалар жоспарының жобасы әзірленер еді»,-деді Елбасы.

«Мен бұл бастаманы Тәуелсіздіктің 20 жылдығы мінберінен айтып отырмын. Себебі, біздің егемен еліміз осы жылдары әлемдік қоғамдастықтың сенімді әріптесіне айналды»,-ден түйіндеді Президент.