Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

«Қазақстан-2020» коалициясының белсенді жұмысы референдум жөнінде ресми шешім қабылданғаннан кейін басталады

АСТАНА. 27 қаңтар. ҚазАқпарат /Руслан Ғаббасов/ - «Қазақстан-2020» демократиялық күштер жалпыұлттық коалициясы жұмысының белсенді фазасы референдум жөнінде ресми шешім қабылданғаннан кейін басталады. Бұл туралы бүгін аталған коалицияның алғашқы жиынында мәлім болды.

«Қазақстан-2020» коалициясының белсенді жұмысы референдум жөнінде ресми шешім қабылданғаннан кейін басталады

«Коалиция іс-қимылы құқықтық кеңістіктің және заңнаманың аясында болуы тиіс. Сондықтан коалиция жұмысының белсенді фазасын референдум жөніндегі ресми шешім қабылданғаннан кейін бастау ұсынылып отыр», - деді «Нұр Отан» ХДП Төрағасының бірінші орынбасары Нұрлан Нығматулин.

«Аз ғана уақыттың ішінде біздің демократиялық күштер коалициясына енген саяси партиялар мен қоғамдық ұйымдардың саны 600-ден асты. Осының өзі Елбасымыздың өкілеттігін ұзарту жөннідегі референдум өткізу туралы бастаманың бүкіл халқымызды біріктіргенінің, қазақстандықтардың Нұрсұлтан Назарбаевты қолдауының тағы бір нақты көрсеткіші деуге болады», - деді партия Төрағасының бірінші орынбасары.

Айта кетейік, аталған коалицияны Елбасының өкілеттілігін ұзарту бойынша референдум өткізу бастамасын қолдау мақсатында «Нұр Отан» ХДП құрған болатын. Оның құрамында «Әділет» демократиялық партиясы, Қазақстан патриоттар партиясы, Коммунистік халықтық партиясы, «Руханият» жасылдар партиясы, «Ауыл» Қазақстан социал-демократиялық партиясы, сондай-ақ басқа да қоғамдық ұйымдар мен бірлестіктер бар.