2026 жылға арналған қандастарды қабылдаудың өңірлік квотасы бекітілді
АСТАНА. KAZINFORM — Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің міндетін атқарушы 2025 жылғы 12 желтоқсанда 2026 жылға арналған қандастар мен қоныс аударушыларды қабылдаудың өңірлік квоталарын айқындайтын бұйрыққа қол қойды.
2026 жылға төмендегідей өңірлік квоталар белгіленді:
-
қандастарды қабылдаудың өңірлік квотасы – 2 281 адам;
-
қоныс аударушыларды қабылдаудың өңірлік квотасы – 5 997 адам.
Аталған бұйрық 2025 жылғы 24 желтоқсаннан бастап күшіне енеді.
Айта кетейік, 2025 жылы қандастар мен қоныс аударушыларды қабылдауға арналған өңірлік квота 9 653 адамды құрады. Оның ішінде 2 309 адам қандастарға, ал 7 344 адам қоныс аударушыларға арналған болатын.
Бұған дейін Қазақстанның оңтүстік өңірлерінен солтүстікке қоныс аударған азаматтардың бір бөлігі кері қайтқаны туралы хабарланған еді.
Сондай-ақ еске сала кетсек, мүгедектігі бар адамдар мен қандастар бизнесін дамыту үшін грант ала алады. Бұл гранттар қайтарымсыз негізде беріледі және жаңа бизнесті іске қосу мен дамытуға бағытталған.
Еңбек министрлігі 2030 жылға дейінгі көші-қон саясаты тұжырымдамасы жобасын әзірледі.