«Қазақстан 2030» стратегиясы болашақ үшін де негізгі бағыт болып табылады - Н. Назарбаев

АНА. Қазанның 10-ы. ҚазАқпарат /Қанат Тоқабаев/ - «Қазақстан 2030» стратегиясы  болашақ үшін де негізгі бағыт болып табылады. Бүгін Астанада ашылған «Қазақстан 2030» стратегиясы: Қазақстан үшін жаңа 10 жылдық мүмкіндіктер мен перспективасы» халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияға қатысушыларға жолдаған құттықтауында Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев осылай мәлімдеді,

«Қазақстан 2030» стратегиясы  болашақ үшін де негізгі бағыт болып табылады - Н. Назарбаев

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Елбасының жолдауын ҚР Президентінің көмекшісі, «Нұр Отан» ХДП инновациялық комитеті төрағасы Қуандық Бишімбаев оқып берді. «Осыдан 12 жыл бұрын Қазақстанның 2030 жылға дейінгі дамыту стратегиясы қабылданып, ол алдағы бірқатар жылдарға тәуелсіз Қазақстанның даму жолын айқындаған болатын. Барлық қазақстандықтардың гүлденуі, қауіпсіздігі мен халықтың әл-ауқатын жақсарту басты міндеті болып табылған ұзақ мерзімді стратегия болашақ үшін де негізгі бағыт болып қала береді. Қазіргі күні «Қазақстан 2030» стратегиясының алғашқы 10 жылдығы аяқталып отыр. өткен жылдар ішінде стратегия нәтижесінде Қазақстан экономикасы түбегейлі жаңарып, қазақстандық қоғамда мемлекеттік басқарудың әлеуметтік жүйесі жаңғыртылды. Осындай нақты стратегияның болуы және оны сатылап жүзеге асыру біздің мемлекетімізді ТМД аумағында көптеген әлеуметтік-экономикалық көрсеткіште көшбасшылыққа жетеледі. Қазақстан соңғы 70 жылдағы әлемнің көптеген өңірін жайлаған ғаламдық дағдарысқа қуатты әрі дәл соққы жасай алды. Бүгінгі күні жас мемлекет алдында әлемдік дағдарыс теперішіне төтеп беру ғана емес, одан жаңғырған, нығайған күйде шығу міндеті тұр. Ол үшін дағдарыс кезеңінде барлық жағдай қамтылуы шарт. Бұған қазіргі күні әзірленіп жатқан «Қазақстанның 2020 жылға дейінгі даму бағдарламасы» мен «Бесжылдық үдемелі инновациялық-индустриялық даму бағдарламасы» септігін тигізетін болады. Бұл  бағдарламалар Қазақстанның 2030 жылға дейінгі жаңа онжылдықта дамуын қамтамасыз етеді. Сондай-ақ экономикалық бәсекелестіктің іргетасын қалап, азаматтардың ахуалын жақсартуға жағдай жасайды, еліміздің әлемдік қауымдастық алдындағы ұстанымын нығайтады», - делінген Мемлекет басшысының құттықтауында

Сонымен бірге Елбасы ғылыми конференцияға қатысушылардың қазіргі жағдайдағы Қазақстанның дамуы үшін маңызды үлес қоса алатын шараларды талқылайтынына сенім білдірді.