Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

«Қазақстан-2030» стратегиясы ОА елдері арасындағы қарым-қатынасқа тың серпін беруі керек - Мәулен Әшімбаев

АЛМАТЫ. 11 қаңтар. ҚазАқпарат - «Қазақстан-2030» стратегиясы Орталық Азия мемлекеттері арасындағы қарым-қатынасқа тың серпін беруі керек.

«Қазақстан-2030» стратегиясы ОА елдері арасындағы қарым-қатынасқа тың серпін беруі керек - Мәулен Әшімбаев

Бұл пікірінҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Мәулен Әшімбаев бүгін Алматыда Қазақстанның Стратегиялық зерттеулер институында өткен алқалы жиында айтты.

«Жолдау - өте жүйелі кешенді құжат. Оның ішінде экономикалық, әлеуметтік, ішкі-сыртқы саясат мәселелері мен қауіпсіздіктің сұрақтары бар. Осыған байланысты біз бүгін ғылыми ортаның өкілдерін жинап, «Қазақстан-2030» стратегиясын жүзеге асырудағы Қазақстанның сыртқы саясаттағы мақсаттарын талқылап жатырмыз», - дейді М.Әшімбаев.

Мәжілісменнің айтуынша, бұл салада Елбасы бірнеше міндеттер жүктеп отыр. Біріншісі, Еуразия аумағында аймақтық ықпалдастықты дамыту. Ондағы негізгі мәселе болашақта құрылуы мүмкін Еуразиялық экономикалық одақ. Екіншісі, Орталық Азия аумағындағы мемлекеттер арасындағы қарым-қатынастарды жүйелі түрде дамыту. Үшіншісі, Орталық Азия аумағындағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелері. Бұл бағытта аймақтағы барлық мемлекеттер Ауғанстандағы ахуалды тұрақтандыруға өз үлесін қосуы керек.