Қазақстан 2030 жылға қарай су және жер ресурстарын толық қалпына келтіреді - Н.Қаппаров

АСТАНА. 24 мамыр. ҚазАқпарат - Қазақстан 2030 жылға қарай су және жер ресурстарын толық қалпына келтіреді.
None
None

Бұл туралы бүгін елордада өтіп жатқан VI Астана экономикалық форумы аясындағы «Индустриялды революция - «жасыл экономикаға» көшу» атты сессияда ҚР Қоршаған ортаны қорғау министрі Нұрлан Қаппаров мәлім етті.

Қазақстан іс жүзінде ел экономикасының барлық салаларын қамтитын ауқымды мақсаттарды алға қойып отырғандығын баса айтқан министр: «Біз 2030 жылға қарай елдің су және жер ресурстарын қалпына келтіріп, көптеген жайтта Экономикалық даму және ынтымақтастық ұйымына қатысушы елдердің табиғи капиталды пайдалану тиімділігінің орташа көрсеткішімен теңесе аламыз», - деді.

Сонымен қатар Н.Қаппаровтың атап өтуінше, еліміздің білім беру жүйесі әрбір қазақстандық кішкентай кезінен бастап табиғи капиталдың шынайы құндылығын сезіну, қоршаған ортаны қорғауда жауапкершілігін арттыру бағытында реформаланатын болады.

«Біз қажетті білімі бар әрі «жас экономика» құру үшін дағдыланған жаңа кадрлар тәрбиелейміз», - деді ол.

Соңғы жаңалықтар