«Қазақстан 2050» - ел дамуының жаңа кезеңінің бастауы - ҚР Парламенті Сенатының спикері

АСТАНА. 10 қазан. ҚазАқпарат - Осыдан 16 жыл бұрын, яғни, 1997 жылы 10 қазанда Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқына арналған алғашқы Жолдауын жария етіп, онда алдағы отыз жылдықтағы еңбек және даму жолымызды айқындаған «Қазақстан - 2030» стра­тегиялық даму бағдарламасын белгілеп берді.
None
None

Бұл туралы ҚР Парламенті Сенатының төрағасы Қайрат Мәми www.parlam.kz сайтындағы өзінің блогында жазды.

Сол бір тарихи кезеңнен бергі уақытта Мемлекетіміз заман ағымына сай, өркениетті бағытта дамуы ұзақ уақытқа және қысқа мерзімдерге негізделген стратегиялық жоспарлар мен бағдарламалардың негізінде жүйелілікпен жүзеге асырылып келеді. Ұлт Көшбасшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың жыл сайынғы Қазақстан халқына Жолдауларында ел дамуының алға қойылған мақсаттарына жетуге мүмкіндік беретін басым бағыттары айқындалып отырады.

Эко­­­но­ми­ка­дағы алапат рецессияны жаңа ғана тежеген кезеңде 1997 жылы қабыл­даған "Қазақстан-2030" стратегия­лық даму бағдарламасы мемлекетіміздің әлеуметтік-экономикалық дамуының басты құжаты болды.

Мемлекетіміздің тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақ­стан - 2030» стратегиялық даму бағдарламасын қабылдау арқылы 1997 жылғы рецессиялық тежелу сә­тінен ел экономикасын жоспарлы, кезеңді даму жолына бағыттады. Экономист ғалымдар «Қазақ­стан - 2030» стратегиялық даму бағдарламасының алғашқы он­жылдығын «қор жинау және ши­кі­заттық саладағы тұрақты дамуды жолға қою нәтижесінде жұ­мыс­сыздықты тежеп, халықтың әлеуметтік-тұрмыстық жағдайын қалыпты деңгейге жет­кізу кезеңі болды» деп бағалайды.

«Қазақ­стан - 2030» стратегиялық даму бағдарламасын жүзеге асыру нәтижесінде біздің еліміз әлемдік экономикалық байланыстарда салмақты үлесі бар және өз азаматтарын әлеуметтік қамсыздандыру саласында елеулі нәтижелерге қол жеткізген қуатты өңірлік мемлекетке айналды.

Тәуелсіздіктің 21 жылдығы қарсаңында Елбасы Қазақстанның 2050 жылға дейін әлемдегі ең жоғары дамыған 30 мемлекет қатарына ену бағыты айқындалған ұлттық саяси даму стратегиясын жариялады. Ел дамуының жаңа кезеңі басталды.

Әлемдік дамудың тамырын дәл басып отыратын Қазақстанның тұңғыш Президенті ғаламдық дағдарыстар мен қауіптерді басты назарға ала отырып: даму қарқынының еселенуі, зор демографиялық өсім, азық-түлік, ауыз су тапшылығы, энергетикалық қауіпсіздік, табиғи ресурстардың сарқылуы, индустриялық төңкеріс, әлеуметтік тұрақсыздық, көзқарастар қайшылықтары мен әлемдік жаңа экономикалық дағдарыс сияқты төрткүл дүние бастан кешіп отырған қауіптердің алдын алу қажеттігіне назар аударды.

Сондай-ақ Елбасы осы уақыт ішінде бағындырылуға тиісті жеті басымдықты: жаңа бағыттың экономикалық саясаты, кәсіпкерлікті жан-жақты қолдау, әлеуметтік саясаттың жаңа принцптері, білім және кәсіби біліктілік, мемлекеттілікті, қазақстандық демократияны дамыту, салиқалы сыртқы саясат, жаңа қазақстандық потриотизм тұрғысында белгілеп берді.

Мемлекет басшысы Қазақстан халқын жарқын болашаққа жол бастайтын адамзат баласының мәңгілік құндылықтары - ерік-жігер мен еңбексүйгіштік, мақсаткерлік қасиеттерді бойға сіңіруге шақырды.

«Қазақстан 2050» жаңа саяси стратегиялық даму бағыты - қазақстандықтарды жаңа белестерді бағындыруға жетелейтін және ХХІ - ғасыр қазақ елі үшін бейбітшіліктің, тұрақтылық пен гүлденудің ғасыры болуы жолындағы ортақ мақсатқа топтастыратын тарихи құжат болып табылады.

Соңғы жаңалықтар