«Қазақстан-2050» Стратегиясы - сындарлы қадам және басты бағыттарды түсіну - ЕДБ Интеграциялық зерттеулер орталығының директоры
МӘСКЕУ. ҚазАқпарат - Елдің қарқынды дамуының басты бағыттарының табысты жүзеге асуы Қазақстанның ұзақмерзімді даму жоспарына арқау болып отыр. ҚР Президенті Н.Назарбаевтың биылғы Жолдауына қатысты бұл пікірді ҚазАқпарат тілшісімен әңгімелесу кезінде Еуразия даму банкінің Интеграциялық зерттеулер орталығының директоры Евгений Винокуров айтты.
Е.Винокуровтың пікірінше, қазір Қазақстан үшін индустриалды-инновациялық дамуды үдету мен қазақстандық өнімді экспортқа шығару мақсатына жету аса маңызды.
«Қазақстанның тиімді географиялық жағдайы бар. Осыдан 30-40 жыл бұрын әлемдік экономика жағдайында континенттің орталығындағы бұл жағдай тиімсіз болып саналған-ды. Қазір жағдай өзгерген. Қазақстан «Ұлы Жібек жолы» кезіндегідей тоғыз жолдың торабында тұр», - деді ол.
«Әсіресе, қазақстандық саясаттың ұтымды тұсы прагматизм мен реализмі, оның ішінде сиқырға сенбей, өз еңбегімен және инвестицияның көмегімен экономиканы дамытып, шикізат тәуелділігінен индустриалды және постиндустриалды экономикаға қадам жасау керектігін түсіне білгендігінде».
«Қазақстан-2050» Стратегиясы» - екі буын өмірінің көкжиегі. Ұзақмерзімді мақсат қою, оның ішінде көлік, энергетика, білім мен инновациялық жобаларды қаржыландыруды жоспарлау үшін 30-40 жыл алға ойлау керек. Сол себепті де қазақстандық ұзақмерзімді даму жоспары қолдауға лайық», - дейді Е.Винокуров.