«Қазақстан-2050» Стратегиясы XXI ғасырдың қатерлерін дәл айқындайды - сарапшылар қоғамдастығы

АСТАНА. 1 шілде. ҚазАқпарат - «Қазақстан-2050» Стратегиясында XXI ғасырдың қатерлері дұрыс көрсетілген.
None
None

«Дағдарыстан кейінгі әлем институты» қоры» тәуелсіз талдау орталығы 2013 жылы өткізген «Болашақ-2050: Әлемнің жаңа саяси-экономикалық картасы» зерттеуіне қатысқан сарапшылардың пікірі осыған саяды.

Зерттеуде жаһандық экологиялық және климаттық мәселелер маңызы бойынша екінші орында тұрғаны атап өтілген.

Халықаралық сарапшылар қоғамдастығы Қазақстан билігінің жасаған болжамын қуаттап отыр. Еске сала кетейік, «Қазақстан-2050» Стратегиясында XXI ғасырдың қатерлері арасында: судың өткір тапшылығы, жаһандық энергетикалық қауіпсіздік және табиғи ресурстардың таусылуы аталған. Үкіметке су бойынша ұзақ мерзімді мемлекеттік бағдарлама әзірлеу тапсырылған болатын. Онда алғашқы кезеңде 2020 жылға қарай халықты таза ауыз сумен қамту, 2040 жылға қарай суару мәселесін шешу міндеті қойылды.

Сонымен қатар Жерде көмірсутекті экономика дәуірі өзінің соңына таяп келеді. Жаңа заман басталмақ, онда адамның өмір тіршілігі тек мұнай мен газдан гөрі қайта қалпына келетін энергияның көздеріне негізделеді. «Қазақстан-2050» Стратегиясында жаңғырмалы көздер энергетикасын дамыту міндеті жүктелді.

Еске сала кетейі, зерттеуге барлық бес континенттің 68 мемлекетінен 303 сарапшы қатысты.

Соңғы жаңалықтар