«Қазақстан-2050» стратегиясының барысын ғалымдар зерттеп отыруы керек - депутат Камал Бұрханов
«Бiздiң саясаттанушылар, оның iшiнде сарапшылар мен ғалымдар, тағы да осы салада жұмыс iстеп жүрген азаматтар, мемлекеттiк емес ұйымдардың өкiлдерi осы конгреске жиналды. Атап айтқанда, олар бүгiнгi таңда Елбасымыз белгiлеген «Қазақстан-2050» стратегиясының барысын, оның iске асуы үдерісін, сондай-ақ бұның аясындағы алғашқы нәтижелерді, ілгерілеу мен осал тұстарымызды, саяси үдерісті ғалымдар, әлеуметтанушылар, тарихшылар, заңгерлер, философтар зерттеп отыруы керек», - деді халық қалаулысы. Осы орайда К.Бұрханов 5-10 жылдан кейін жасалған сарапатама орынсыз болатынын, маңызды мәселелер назардан тыс қалуы мүмкін екенін атап өтті. «Бүгін осы ауқымды жиында көптеген күрделі мәселелер талқыланады. Бұл тұрғыдағы мақсат - болып жатқан үрдістерге сараптама жасап, ол жайында билікке және қоғамға тиісті мағлұмат беру. Біздің ғалымдардың пікірлері мен ұсыныстарына сүйене отырып, билік пен қоғам ел болып өзіміздің жолымызды осылайша түзетіп, рертке келтіріп отыруымыз қажет. Сондықтан бүгінгі диалог өте орынды әрі маңызды»,- деп депутат. Оның сөзіне қарағанда, Қазақстан азаматтары осы стратегияның бағыттарына сенім артып отыр және оған қолдау жасауда. Айта кетейік, конгресс «Қазақстан - 2050»: іске асырудың алғашқы қорытындылары және өзекті проблемалары» тақырыбында өтіп жатыр. Жиынның қорытындысы бойынша елдің саясаттану қоғамдастықтарына ұсынымдар берілген қарар қабылданады.