«Қазақстан-2050» жалпыұлттық қозғалысының форумы «Нұрлы жол» бағдарламасының басым бағыттарына арналды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Астанада «Қазақстан-2050» жалпыұлттық қозғалысының ІІ форумы болып өтті. «Нұрлы жол - қазақстандық даму жолы» атты тақырыпты қамтыған басқосуда негізінен Елбасы айқындаған «Нұрлы жол» жаңа экономикалық саясатының негізгі бағыттары талқыланды.
None
None

Еліміздің әр түкпірінен білім мен ғылым, медицина, өнеркәсіп, үкіметтік емес сектор және тағы басқа да сала өкілдерінің басын қосқан форумда тұрғын үйдің қолжетімділігі мен сапасы, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты жаңғырту, шағын және орта бизнесті қолдау, білім беру мен жұмыспен қамту мәселелері талқыланды. Жалпы «Нұрлы жол - қазақстандық даму жолы» форумының негізгі мақсаты Елбасы Жолдауы аясында жүктелген тапсырмаларды нақты іске асыруға жәрдемдесу. Атап айтқанда, жастарды жұмыспен қамту, білім беру және жастарға қолжетімді баспана аясында атқарылып жатқан шараларды талқылау. Осыған орай, форумда үш негізгі панелдік талқылаулар алаңы ұйымдастырылып, оған мемлекеттік органдар өкілдері де қатысып отыр.

Тоқтала кететін жайт, «Қазақстан-2050» жалпыұлттық қозғалысы құрылған 1 жыл 3 ай ішінде Елбасы айқындаған ұзақмерзімді стратегияның міндет, мақсаттарына қол жеткізуге бағытталған 16 жоба жүзеге асқан. Ал 2015 жылдың басынан бері тағы 3 жоба қосылып отыр, олар: «Қазақстанда жасалған» акциясы, «Нұрлы жол» бағдарламасы аясында жұмысқа орналастыру жобасы және эсседен республикалық конкурс. Айта кетерлігі, «Нұрлы жол» аясындағы ауқымды құрылыстарға жастарды тарту жобасына республика өңірлерінен 3566 өтініш келіп түскен.

Соңғы жаңалықтар