Қазақстан 5 млн. тоннаға жуық астықты экспортқа жөнелтті

АСТАНА. ҚазАқпарат - 2016 жылдың 1 ақпанындағы жағдай бойынша, 4,9 млн. тоннаға жуық астық экспортқа жөнелтілді. Бұл туралы бүгін ҚР Ауыл шаруашылығы вице-министрі Сапархан Омаров мәлім етті.
None
None

«Ағымдағы маркетингтік жылы, 2016 жылы 1 ақпандағы жағдай бойынша, 4,9 млн. тоннаға жуық астық экспортқа жөнелтілді. Бұл өткен жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда, 24 пайызға немесе 961 мың тоннаға көп», - деп атап өтті ол.

С.Омаровтың сөзіне қарағанда, былтыр күзде 18,8 млн тонна астық бастырылған, бұл 2014 жылмен салыстырғанда, 1,5 млн тоннаға көп.

Соңғы жаңалықтар