Қазақстан Газа секторындағы ахуалды тұрақтандырып, қалпына келтіру жұмыстарына атсалысуға дайын

ВАШИНГТОН. KAZINFORM — Президент еліміз Газа секторындағы ахуалды тұрақтандырып, аймақты қалпына келтіру жұмыстарына атсалысуға дайын екенін жеткізді, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

Қазақстан 5 жыл ішінде 500-ден аса палестиналық студентке білім грантын бөледі
Фото: Ақорда

Оның сөзінше, Қазақстан іскерлік және кәсіби беделі жоғары деңгейдегі халықаралық компанияларды тарта отырып, аймақты қайта қалпына келтіру және құрылыс жұмыстарына қатысуға ниетті.

Президент Тоқаев
Фото: Ақорда

— Бұл бағдарлама бойынша инфрақұрылым жасақтауға, үйлер мен тұрғын үй кешендерін, мектептер, ауруханалар және басқа да маңызды әлеуметтік нысандарды салуға болады. Әлемдегі ең ірі бидай өндірушілердің бірі саналатын еліміз Газа мен одан тысқары жерлердегі азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін гуманитарлық көмек көрсетуге дайын. Қазақстан палестиналық студенттердің университеттерімізде білім алуы үшін бес жыл бойы 500-ден аса оқу грантын бөлуді жоспарлап отыр. Біз халықаралық деңгейде мойындалған электрондық үкімет саласындағы тәжірибемізбен және басқа да цифрлық шешімдермен бөлісе аламыз. Қазақстан Халықаралық тұрақтандыру күштерін қолдауға әзір. Яғни далалық госпиталь құру үшін бір топ медицина маманын, сондай-ақ Азаматтық-әскери үйлестіру орталығына бақылаушылар жіберуге даяр, — деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

АҚШ-тағы Бейбітшілік кеңесінің отырысы
Фото: Ақорда

Еске салсақ, Президент Бейбітшілік кеңесінің алғашқы отырысына қатысып жатыр.

Бұдан бұрын Мемлекет басшысы Бейбітшілік кеңесі көпжақты күш-жігердің әлеуетін арттыратын, заман талабына сай ұйым екенін айтқан еді.

Соңғы жаңалықтар
Референдум