«Қазақстан 51-ші халықаралық математикалық олимпиаданы қарсы алуда» онкүндігі Aқтауда жалғасуда

деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Биыл ТМД елдерінің ішінде алғашқы болып Қазақстан 2010 жылы халықаралық 51-ші математикалық олимпиаданы өткізу үшін таңдауға ие болды.
Межелі уақыт жақындаған соң, елімізде қазан айынан бастап, «Қазақстан 51-ші халықаралық математикалық олимпиаданы қарсы алуда» атты онкүндік өткізілуде.
Бұған дейін Алматы облысы мен қалаларында, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан Қызылорда және Атырау облыстарында өткен онкүндік Ақтау қаласында жалғасын табуда.
Алғашында математикалық газеттердің байқауымен басталған онкүндік бағдарламасы одан әрі пән мұғалімдерінің ашық сабақтары, шеберлік сыныптары, оқушылар үшін математикалық ойындар ребустар, викториналар, эстафеталық сайытар, көңілді тапқырлар клубының сайысы боп жалғасады.
Онкүндік негізінде облыстағы екі қала, бес аудан және дарынды балалар мектебі мен қазақ түрік лицейінен 90 оқушы мен 20-ға тарта мұғалім білім -білік салыстырған декада басталып кетті.
Халықаралық 51-ші математикалық олимпиадада ойы жүйрік оқушыларды анықтау, танымдық және шығармашылық әрекеттерін дамыту, сонымен қатар озаттарды дайындайтын оқытушыларды да анықтап, олардың да біліктілігін, сыныптан тыс жұмыстардағы белсенділігін арттыру мақсат етілген.