22:30, 10 Наурыз 2016 | GMT +5
«Қазақстан-Ақтау» телеарнасы маңғыстаулық тұлғалар туралы жаңа жоба бастады (ФОТО)
АҚТАУ. ҚазАқпарат - «Amal Talks» зияткерлік конференциясында «Қазақстан-Ақтау» телеарнасы «Тәуелсіздік шежіресі» - «Летопись Независимости» атты жаңа жобасын таныстырды. Жаңа жобаның кейіпкерлері Маңғыстау облысынан шыққан танымал тұлғалар.

«Жыл бойы маңығыстаулықтардың еліміздің тәуелсіздік жылдары туралы естеліктері бар шағын фильмдер түсіреміз. Оның кейіпкерлері - ел игілігі үшін еңбек еткен, Қазақстан егемендігінің қалыптасуына ат салысқан қатысқан адамдар. Олар: Қайролла Ережепов, Ләззат Қиынов, Зейнолла Алшымбаев, Серік Оспанов, Құралбек Келжанов сынды тұлғалар», - деді «Қазақстан-Ақтау» телеарнасының директоры Жанахмет Ағыбаев.