Қазақстан әлемдік қоғамдастыққа өркениеттер диалогын енгізе отырып, жетістікке қол жеткізді - Ресей мүфтилер кеңесінің төрағасы

АСТАНА. 31 мамыр. ҚазАқпарат - Қазақстан әлемдік қоғамдастыққа өркениеттер диалогын, діндер мен мәдениеттердің бейбіт өмірі идеологиясын енгізе отырып, жетістікке қол жеткізді.

Қазақстан әлемдік қоғамдастыққа өркениеттер диалогын енгізе отырып, жетістікке қол жеткізді - Ресей мүфтилер кеңесінің төрағасы

 Бұл туралы бүгін Астанадағы Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының IV Съезі аясындағы секция жұмысында Ресей мүфтилер кеңесінің төрағасы, шейх Равиль Гайнутдинов мәлім етті.

Осы тұрғыда аталған кеңестің төрағасы бұл бағытта Қазақстан халқы мен Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың еңбегі зор екенін атап өтті.

«Бүгін бір үстелдің басында барлық діндердің көшбасшылары жиналып отыр және олардың баршасы жердегі бейбітшілік пен тұрақтылықты сақтауға  өз үлесімізді қосуымыз керек екенін айтып жатыр»,-деп тоқталды Р. Гайнутдинов.

Оның пайымдауынша, әлемнің түпкір-түпкірінде орын алған соғыстар мен қарама-қайшылықтар діни қақтығыстардан болып жатқан жоқ. Бұл келіспеушіліктерге саясаткерлердің қателіктері себеп болуда. «Діндердің бірде-бірі зорлық-зомбылыққа шақырмайды»,-деп түйіндеді Ресей мүфтилері кеңесінің төрағасы.