Қазақстан әлемдік медицинаның жаңа тартылыс орталығына айналып келеді

АСТАНА. KAZINFORM — ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің қолдауымен 13–14 қазан күндері «Қазақстанның денсаулық сақтау саласы: дәрі-дәрмек және инновациялық технологиялар. Тәжірибе және болашағы» атты ғылыми-практикалық конференция өтеді.

Қазақстан әлемдік медицинаның жаңа тартылыс орталығына айналып келеді
Фото: Pixabay.com

Бұл әр елден сарапшыларды және медицинаның негізгі бағыттарын біріктіретін ауқымды шара.

Сізді не күтеді?

  • Медициналық туризм бойынша алғашқы халықаралық конференция;
  • «Қазақстанның салауатты қалалары» республикалық форумы;
  • Клиникалық практика мен дәрілік саясаттағы инновацияларды талқылау.

500-ден астам маман — 30 елдің елшілері, ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің өкілдері, халықаралық ұйымдар, фармацевтика және медициналық техника саласының өкілдері, медициналық агенттер мен байерлер жиналып, шекарааралық медициналық көмек, цифрландыру және телемедицина, медициналық туризм және сапа стандарттары, дәрі-дәрмек пен жабдықтарға қолжетімділік тақырыптарын талқылайды.

Конференция аясында медицина, фармацевтика және туризм саласындағы жетістіктер көрмесі, сондай-ақ B2B және B2G кездесулер өтеді.

Бұған дейін мамандар дәрігерге сирек қаралатын адамдардың медициналық тарифі 20 пайыз қысқаратынын ескертті. 

Соңғы жаңалықтар