Қазақстан әлемнің қарқынды дамып келе жатқан үш елінің қатарына кірді

ТАНА. 25 қараша. ҚазАқпарат /Марлан Жиембай/ - Қазақстан әлемнің қарқынды дамып келе жатқан үш елінің қатарына кірді. Бұл туралы бүгін «Нұр Отан» халықтық демократиялық партиясының кезектен тыс 14-съезінде Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев мәлім етті.
None
None

«Қазақстандықтардың өмір сүру ұзақтығы екі жылға өсті. Ана мен бала өлімі айтарлықтай төмендеді. Халықаралық сарапшылар қазірдің өзінде Қазақстанды әлемнің қарқынды дамып келе жатқан елдерінің үштігіне қосты. Біз алға тек қана Катар мен Қытайды ғана жібердік», деді Елбасы.

ҚР Президентінің атап өтуінше, әлемдік қаржы дағдарысының қиын жылдарында да Қазақстан өзінің алға қойған әлеуметтік міндеттемелерінен бас тартпай, партияның халықтық тұғырнамасы мақсаттарына адал болды. Бұл барлық халықтың және «Нұр Отан» партиясының ауқымды жұмыстары.

«Дағдарыс жағдайында «Нұр Отан» партиясының Парламенттегі партиялық басымдығы негізінде құрылған біздің Үкіметтің кәсіби және жемісті еңбегін атап өткен жөн. Парламенттік фракция қажетті заңдарды, оның ішінде дағдарысқа қарсы заңды қамтамасыз етті», -деді Мемлекет басшысы.

Соңғы жаңалықтар