Қазақстан әлеуметтік салада БҰҰ-мен белсенді жұмыс атқарып жатыр – Олжас Бектенов

АСТАНА. KAZINFORM – Бүгінде цифрландыру әлеуметтік еңбек қатынастарының барлық саласына белсенді түрде енгізіліп отыр. Бұл туралы елордадағы «Әлеуметтік вектор: кәсібилік, құрмет, цифрлық болашақ» халықаралық форумында Премьер-министр Олжас Бектенов мәлім етті.

Пожарная безопасность: Олжас Бектенов поручил обновить списки домов социально уязвимых граждан
Фото: Ағыбай Аяпбергенов/Kazinform

- Бүгінгі жиынға Біріккен Ұлттар Ұйымы, Халықаралық еңбек ұйымы, Халықаралық көші-қон ұйымы, ЮНИСЕФ және басқа да ұйымдардың өкілдері арнайы қатысып отыр. Мәртебелі меймандарымызға және форумның өзге де қатысушыларына шынайы ризашылығымды білдіремін. Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев биылғы халыққа Жолдауында мемлекет әр азаматтың лайықты табыс тауып, сапалы әлеуметтік қызмет алып, ертеңгі күніне сенімді болуы үшін барынша жағдай жасайтынын атап өтті. Бұл орайда әлеуметтік теңсіздікті жою, арнаулы әлеуметтік қызметтер жүйесін дамыту және осы бағытта ең үздік халықаралық стандарттарды енгізу – мемлекеттің басым міндеттерінің бірі. Аталған мақсатқа қол жеткізу аясында Қазақстан Үкіметі Бірікке Ұлттар Ұйымымен, оның ішінде Халықаралық еңбек ұйымымен және Халықаралық әлеуметтік қамсыздандыру қауымдастығымен бірге белсенді жұмыс аттқарып келеді. Басты мақсат – әлеуметтік қорғау жүйесіндегі жаһандық сын-қатерлердің әсерін барынша азайту, - деді О. Бектенов.

Оның айтуынша, бүгінде халықаралық еңбек нарығы түбегейлі өзгеріп келеді. Демографиялық тұрғыдан орнықты даму және өмір сүру ұзақтығы өскен сайын еңбекке қабілетті адамдар қатарының арта түсуі өзекті мәселеге айналды. 

- Ішкі миграция, өңіраралық теңсіздік, платформалық жұмыспен қамтудың кеңінен таралуы - мұның барлығы еліміздегі әлеуметтік қорғау жүйесін ұдайы жетілдіріп отыруды қажет етеді. Осы уақыт ішінде Қазақстан халықаралық ұйымдармен бірге мүгедектігі бар адамдар мен әлеуметтік тұрғыдан осал топтардың құқықтарын қамтамасыз етуге, арнайы әлеуметтік қызмет жүйесін дамытуға бағытталған бірқатар ірі жобаларды іске асырды, сондай-ақ алдағы бес жылға арналған Инклюзивті саясат тұжырымдамасын қабылдап, мүгедектігі бар жандардың құқықтары туралы БҰҰ-ның конвенцияларын бекітті. Қазақстан Халықаралық еңбек ұйымымен де тиімді әріптестік орнатып, ұлттық заңнаманы жетілдіру бағытында үйлесімді жұмыс жүргізуде. Сонымен қатар, Мемлекет басшысы биылғы Жолдауында әлеуметтік қорғау жүйесінде жаппай цифрландыру мен жасанды интеллектінің маңызды рөл атқаратынын баса айтты. Бүгінде цифрландыру әлеуметтік еңбек қатынастарының барлық саласына белсенді түрде енгізіліп, үлкен деректерді өңдеуге мүмкіндік беріп отыр. Халықаралық қауымдастықтың бағалуы бойынша Қазақстанның Отбасылық цифрлық картасы өткен жылдың ең үздік цифрлық жобасы деп танылды. Қазір мұнда 6 млн отбасын қамтитын деректер жинақталған және 11 мемлекеттік қызмет түрі проактивті форматта ұсынылады, - деді Үкімет басшысы.

Мұнымен қоса ол инновациялық жобалардың қатарында Бірыңғай цифрлық платформа мен Әлеуметтік қызметтер порталы іске асырылып жатқанын атап өтті.

Еске салсақ, бүгін елімізде Әлеуметтік қорғау жүйесі қызметкерінің күні аталып өтіп жатыр.

2026 жылы халықты әлеуметтік қорғауға — 6,8 трлн теңге жұмсалады.

Соңғы жаңалықтар