Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Қазақстан Алтайының жауһары — Марқакөл қорығына 50 жыл толды

АСТАНА. KAZINFORM — 1976 жылы негізі қаланған қорық жарты ғасыр бойы Қазақстан Алтайының бірегей табиғи кешендерін, Марқакөл көлінің қайталанбас экожүйесін, сирек кездесетін өсімдіктер мен жануарлар дүниесін сақтап келеді. Бұл туралы Экология және табиғи ресурстар министрлігі мәлім етті. 

Қазақстан Алтайының жауһары — Марқакөл қорығына 50 жыл толды
Фото: Экология және табиғи ресурстар министрлігі

Министрліктің мәліметінше, осы жылдар ішінде қорық биоалуантүрлілікті сақтау, ғылыми зерттеулер жүргізу және табиғи мұраны келер ұрпаққа жеткізу бағытында ауқымды жұмыстар атқарып, еліміздің табиғат қорғау саласының дамуына елеулі үлес қосқан.

Марқакөл
Фото: Экология және табиғи ресурстар министрлігі

Бүгінде Марқакөл мемлекеттік табиғи қорығы — табиғатты қорғаудың, ғылыми ізденістің және экологиялық жауапкершіліктің жарқын үлгісі. Жарты ғасырлық тарих — табиғатқа деген адал қызметтің, жанашырлық пен жауапкершіліктің айқын көрінісі.

Марқакөл
Фото: Экология және табиғи ресурстар министрлігі
Марқакөл
Фото: Экология және табиғи ресурстар министрлігі
Марқакөл
Фото: Экология және табиғи ресурстар министрлігі