Қазақстан алтын, мыс, мұнай іздеуге 1 трлн. теңгеден астам инвестиция құяды

АТЫРАУ. ҚазАқпарат - Қазақстан алтын, мыс, полиметалдар, мұнай мен газ кен орындарын іздеу үшін 1 трлн. теңгеден астам инвестиция салуды жоспарлауда, деп хабарлайды өңірдегі тілшіміз А. Соколов.
None
None

«Алдағы бес жылдыққа мемлекеттік бюджеттен геологиялық барлау жұмыстарына 120 миллиард теңге бөлінеді. Аталған жұмыстарға ұлттық компаниялар да тартылады. Олар 900 миллиард теңге инвестиция құймақ»,- деп хабарлады ҚР Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі Геология және жер қойнауын пайдалану комитетінің төрағасы Базарбай Нұрабаев атыраулық жер қойнауын пайдаланушылармен кездесу кезінде. Геологиялық барлауды дамыту бойынша қабылданған бағдарлама еліміздің барлық өңірлерінде жүзеге асырылады. Әсіресе қатты пайдалы қазбалар жатқан жерге көңіл бөлінеді. Мұнай мен газ іздеуде Атырау және Маңғыстау облыстарындағы Каспий маңындағы ойпаттарға баса назар аударылады.

Соңғы жаңалықтар