«Қазақстан Алюминий» АҚ-ы он кішкентай ауыл баласын мектепке дайындады - Павлодар
ПАВЛОДАР. Тамыздың 28-і. ҚазАқпарат /Вера Ливинцова/ - Павлодар облысы Баянауыл ауданы Үшқұдық ауылы мектебінің 10 баласын «Қазақстан Алюминий» АҚ-ның президенті Алмаз Ибрагимов қонаққа шақырды. Қыздар мен ұл балалар үшін облыс орталығы және зауыт іші таныстырылды.
Әлеуметтік аз қамтылған отбасыдан шыққан бұл балалар үйлеріне құр қол қайтпады, бастықтар оларға мектепке қажетті құрал-жабдықтар, жылы киімдер мен үлкен ойын доптарын сыйға тартты.
«Мектепке жол» акциясына қатысатын кәсіпкерлердің, кәсіпорындардың, мекемелер мен облыстағы қарапайым тұрғындардың саны жыл санап артып келеді. Екі жыл бұрын біз әлеуметтік аз қамтылған балаларды қажетті құрал-жабдықтармен қамтамасыз ету үшін 14 млн. теңге жинаған едік, былтырғы жылы ол қаражат 22 млн. теңгеге жетті, осы жылы да балалар қажетті көмекке ие болады», - дейді балалардың құқығын қорғау департаментінің бастығы Гүлбарам Наурызбаева.