Қазақстан алюминий терезелерін, есіктерін және басқа да қажетті өнімдерді шығаратын болады - Мемлекет басшысы

 ПАВЛОДАР. 18 қыркүйек. ҚазАқпарат - Бүгін Павлодар облысына жасаған жұмыс сапарының барысында Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстандық электролиз зауытында ҚР Индустрияландыру картасы мен ENRC инвестициялық бағдарламасын іске асыру аясында салынып жатқан күйдірілген анодтарды шығаратын зауыттың жұмысшыларымен әңгімелесті.

Қазақстан алюминий терезелерін, есіктерін және басқа да қажетті өнімдерді шығаратын болады - Мемлекет басшысы

Мемлекет басшысы жаңа зауыт жұмысшыларының алдында үлкен  перспективалар ашылып отырғанын атап өтті.

«Зауыт дамып келеді, мүлде жаңа технологиялар бар, енді екінші алюминий зауытын саламыз, алюминийден түрлі өнімдерді, ыдыс-аяқ, терезе, есік, қалағанның барлығын шығарамыз. Бізде, әсіресе жастарда болашаққа үлкен перспектива, жақсы жалақы, жақсы өмір бар. Сонымен құттықтаймын сіздерді», - деді Н.Назарбаев нысанда болу барысында.