16:33, 04 Маусым 2009 | GMT +5
Қазақстан-Англия футбол матчына арналған жаңа филателия өнімдері шығарылды
АЛМАТЫ. Маусымның 4-і. ҚазАқпарат /Серік Қойбағаров/ – Бүгін Алматыда «Қазпошта» АҚ басшылығы футбол тақырыбына арналған филателия өнімдерін ұсынды,
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.«Қазпошта» АҚ басқармасы төрағасының орынбасары Нұржан Әбдімомыновтың айтуынша, олардың қызметтерінің басым бағыттарының бірі болып табылатын пошталық төлемдердің мемлекеттік белгілерін және филателия өнімдерін шығара отырып, еліміздегі маңызды оқиғаларға әрқашан қолдау көрсетіп келеді. Спорт Қазақстанның пошта маркалары тақырыбында айрықша орын алып келді ? 1992 жылдан бері «Спорт» сериясымен 40-тан астам маркалар шығарылды.Алдағы Қазақстан-Англия футбол матчына арналып арнайы конверттер мен пошта мөртабандары даярланды. Конвертте ойын сәттері бейнеленген: Қазақстан тауларының аясында доп ойнаған футболшы, одан кейін ? Англияның нышаны ретінде Биг-Бен және Қазақстан Тәуелсіздігінің монументі.