Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Қазақстан армиясы ел тәуелсіздігінің күзетінде тұр - Елбасы-Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Жоғарғы Бас қолбасшысы Н.Назарбаев

АСТАНА. Ақпанның 18-і. ҚазАқпарат - Астанада Президент-Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Жоғарғы Бас қолбасшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың төрағалық етуімен Қорғаныс министрлігінің кеңейтілген алқа отырысы болып өтті,

Қазақстан армиясы ел тәуелсіздігінің күзетінде тұр - Елбасы-Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Жоғарғы Бас қолбасшысы Н.Назарбаев

деп хабарлады ҚР Президентінің баспасөз қызметі.

Алқа отырысы басталар алдында Жоғарғы Бас қолбасшы Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Құрлықтағы әскерлері мен Әскери-теңіз күштеріне жауынгерлік тулар тапсырды.

Мемлекет басшысы осы сәттен бастап Қорғаныс министрлігінің бұл екі құрылымдық бөлімшесі өздерінің басты міндеттерін орындауда ар-намысына дақ түсірмей, әскери ұжымның ерліктеріне, даңқы мен әскери дәстүріне берік болулары керектігін атап өтті.

Алқа отырысында қорғаныс ведомствосының 2009 жылғы қызметінің қорытындысы шығарылып, міндеттері талқыланды.

Күн тәртібі бойынша Қорғаныс министрі Әділбек Жақсыбеков баяндама жасады. Ол әскери басқару құрылымын қалыптастыру аяқталғанын мәлім етті. Бүгінде әскерлерді басқару үш әскери құрылым- Құрлықтағы, Әскери-теңіз және Әуе қорғаныс күштері бойынша жүзеге асырылады.

Министр Қарулы Күштердің әскери дайындық деңгейін қолдау мемлекеттің әскери қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы басты міндетінің бірі екенін атап өтті. Осыған байланысты 2009 жылы әскери дайындықтың қарқыны едәуір артты. Есепті кезең ішінде әртүрлі көлемде 52 жаттығу өткізілді. Бұл 2008 жылмен салыстырғанда, бір жарым есе артық. Олардың ішіндегі анағұрлым елеулілері - «Әскери достастық», «Әскери күштер», «Дала қыраны». Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымы аясында «Мәтібұлақ» полигонында өткізілген «Өзара іс-қимыл-2009» жаттығуы олардың қатарында ерекше саналады.

- Шетелдік сарапшылардың бағалауынша, Қазақстанның Қарулы Күштері кеңестік кеңістіктегі елдердің жетекші армияларының үштігіне енеді және Орталық Азия өңірінде үздік армия болып табылады, - деп атап өтті Ә.Жақсыбеков.

Алқа отырысына қатысушылардың алдында сөйлеген сөзінде Н.Назарбаев биылғы жылы Қазақстанның Қарулы Күштерінің құрылғанына 18 жыл толатынын айтты. Осы жылдар ішінде әскери жағынан қабілетті армия құрылды.

- Жоғарғы Бас қолбасшы ретінде мен еліміздің Қарулы Күштерін дамыту мәселесін үнемі жеке өз бақылауымда ұстаймын, - деп атап өтті Мемлекет басшысы.

Экономиканың күрделілігіне қарамастан, мемлекет қорғаныс ведомствосы әскери-техникалық әлеуетті жаңартуы үшін бюджеттен жеткілікті қаржы бөледі.

Президент әскери қызметтің беделін арттыру жөнінде шаралар қабылдауға ерекше назар аударды. Жоғарғы Бас қолбасшының үнемі назарда ұстауының арқасында қоғамдағыдай, қазақстандық әскери қызметкерлердің де әл-ауқаты жақсарып келеді. Офицерлер мен келісім-шартпен қызмет атқаратындар тұрғын үймен көптеп қамтыла бастады. Еңбекақылары өсті.

Мемлекет басшысы енді еліміздің Қарулы Күштерінің алдында әскери дайындық пен әскери қабілеттілікті сапалы деңгейге көтеру жөніндегі міндеттер тұрғанына тоқталды. Министрліктің басшылығы әскери техниканы одан әрі жаңғыртуға, бронетехника, әскери ұшақтар мен тікұшақтар паркін жаңалауға, әскери білім жүйесін жетілдіруге, әскери қызметшілерді әлеуметтік жағынан қамтамасыз етуді күшейуге, сондай-ақ жеке құрамдар арасында тәрбие жұмысы жүйесін тиімді жүргізуге тиісті.

- Мен біздің армиямыздың біздің халқымызға, мемлекет саясатына берілгендігіне кәміл сенемін. Сіздердің алдарыңызға қойылған міндетті орындайтындарыңызға ешқандай күмәнім жоқ, - деп атап өтті Н.Назарбаев.