Қазақстанның әскери теңізшілері Бахрейнде суасты миналарын тазартуға қатысады

АСТАНА. KAZINFORM – ҚР Қарулы күштері Әскери-теңіз күштерінің бес әскери қызметшісі Бахрейн Корольдігінің Манама қаласында су асты миналарын тазарту бойынша халықаралық курстарға қатысты. 

Қазақстан әскери теңізшілері Бахрейнде суасты миналарын тазартуға қатысады
Фото: Қорғаныс министрлігі

Парсы шығанағы акваториясында практикалық сүңгу барысында әскери қызметшілер су астындағы жарылғыш заттарды анықтау және бейтараптандыру тактикасын пысықтады. 

– Мұндай іс-шараларға қатысу озық әдістемелер мен технологияларды қабылдауға мүмкіндік береді. Жағалау аймақтарында қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі операцияларға дайындықты арттыруға және серіктес елдердің әріптестерімен өзара іс-қимылды нығайтуға ықпал етеді, - деп түсіндірді капитан-лейтенант Жәнібек Салықбаев. 

Сондай-ақ су асты миналарын тазарту бойынша курстар халықаралық әскери ынтымақтастық аясында өткізілгенін атап өткен жөн. 

Бұған дейін Бас прокурор Берік Асылов әскери бөлімдерде заманауи IT жүйелермен бейнебақылау орнатылатынын хабарлаған болатын. 

Соңғы жаңалықтар