09:35, 05 Қазан 2012 | GMT +5
Қазақстан астанасын қар басты (ФОТО)
АСТАНА. 5 қазан. ҚазАқпарат - Қазақстан астанасын қар басты.

Бүгін таңсәріде қар үйлерді, көліктер мен жапырақтары әлі түсіп үлгермеген ағаштарды басып тұрды. Көліктер жолдармен ақырын аяңдап, кептелістер тудыруда.
Синоптиктер жуырда қарға ұласатын жаңбырды болжаған болатын. «Қазгидромет» РМК-нің жетекші инженер-синоптигі Гүлмира Ақышева ҚазАқпарат тілшісіне берген сұхбатында 4-5 қазан күндері күн суытады деп мәлімдеген болатын.
Оның сөзіне қарағанда, дүйсенбі, 8 қазаннан бастап ауа температурасы жоғарылайды: батыс және оңтүстік-батыстан есетін желмен елдің солтүстік өңірлерінде ауа бағамы 18-25 градусқа дейін, оңтүстік өңірлерде 20-25 градусқа дейін жоғарылайды. Яғни «мизамшуақ» қайтып оралатын болады.