Қазақстан аумағында 5 сейсмикалық стансы орнатылады

Сейсмикалық стансы
Фото: Pixabay.com

АСТАНА. KAZINFORM – 2024-2025 жылдары Қазақстан аумағында 5 сейсмикалық стансы орнатылады. Бұл туралы Ғылым және жоғары білім министрлігінен мәлім етті.

«Сейсмологиялық байқау және зерттеулер ұлттық ғылыми орталығы мен Қытай Халық Республикасы Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық ауданының жер сілкінісі жөніндегі агенттігі (ҚХР ШҰААЖСЖА) арасындағы ғылыми-зерттеу қызметіндегі ниеттестік туралы меморандумға сәйкес, Қытай жер сілкінісі әкімшілігі Геофизика институтының қаржыландыруымен 2024-2025 жылдары Қазақстан территориясында 5 сейсмикалық стансы орнатылады және «Алматы» орталық сейсмикалық обсерваториясына күрделі жөндеу жүргізіледі», - деп атап өтті министрліктен агенттіктің ресми сауалына орай.

Ведомство мәліметінше, шілде айында ҚХР ШҰААЖСЖА ұймдастыруымен жер сілкіністерін болжау мақсатында халықарылық жиын өтеді. Оған Сейсмологиялық байқау орталығының ғалымдары қатысады. Орталықтың 3 жас маманы маусымның 22-нен шілденің 1-не дейін Қытай жер сілкінісі әкімшілігінің (қаржыландыруымен) Геофизика институтында тағылымдамадан өтеді. 

«АҚШ Елшілігі мен Э.Лоуренс атындағы Ливермор ұлттық зертханасының өкілдері жәрдемімен Орта Азия мемлекеттерінің сейсмикалық қауіпті бағалау жобасын әзірлеу жұмыстары басталды. Жоба барысында жас мамандарга сейсмикалық қауіпті бағалау курстары өткізілетін болады», - деді министрліктен.

Соңғы жаңалықтар