Қазақстан аумағында қатты жел, жауын-шашын мен көктайғақ болады деп күтілуде
АСТАНА. 25 наурыз. ҚазАқпарат - Бүгін Қазақстан аумағында қатты жел, жауын-шашын мен көктайғақ болады деп күтілуде, деп хабарлайды ТЖМ Қазгидрометке сілтеме жасап.
Мәселен, Ақмола, Шығыс Қазақстан облыстарында кейбір жерлерде көктайғақ болып, желдің күші секундына 17-23 метрге, Шығыс Қазақстан облысында секундына 28 метрге дейін жетеді.
Алматы және Оңтүстік Қазақстан облысында күндіз кейбір жерлерде желдің күші секундына 15-20 метрге жетеді, Жалаңашкөл ауданында желдің екпіні секундына 25 метрге дейін жетеді.
Атырау облысында, кейбір жерлерде Қызылорда облысында, түнде Жамбыл облысында түнде жел екпіні секундына 15-23 метрге дейін жетеді.
Маңғыстау облысының жеке аудандарында тұман тұрып, желдің күші секундына 15-20 метрге барады.
Батыс Қазақстан облысының, Солтүстік Қазақстан, Павлодар облысында желдің күші артып, секундына 17-22 метрге дейін жетеді.
Ақтөбе, Қостанай облыстарында кейбір жерлерде көктайғақ, боран болып, желдің күші 15-20, кейбір жерлерде екпіні секундына 25 метрге дейін жетеді.
Қарағанды облысының жеке аудандарында тұман тұрып, көктайғақ болып, желдің күші секундына 17-22 метрге барады.