10:45, 07 Қаңтар 2022 | GMT +5
Қазақстан аумағында террористік қауіптің «шекті қызыл» деңгейі енгізілді - ҰҚК
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Нұр-Сұлтан қаласында ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Төрағасы генерал-майор Е. Сағымбаев терроризмге қарсы Республикалық жедел штабының отырысын өткізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
ҚР Президентінің келісімімен ҰҚК Төрағасы – Республикалық жедел штаб басшысының бұйрығына сәйкес Қазақстан Республикасы аумағында террористік қауіптің «шекті қызыл» деңгейі енгізілді.
Елдің барлық өңірінде антитеррорлық операция режимі орнатылды.
Мемлекеттік органдардың бірінші басшылары жеке тұлғалар мен ел арасындағы террористік қауіпті жоюды және жағдайды тұрақтандыруға бағытталған іс-шараларды жүзеге асыруда.