Қазақстан әйелдер құрамасы регбиден Азия чемпионатында қола жүлде еншіледі
АСТАНА. KAZINFORM – Қазақстанның әйелдер құрамасы 2025 жылғы регби-15 бойынша Азия чемпионатында үшінші орын алып, құрлықтық турнирдің қола жүлдегері атанды.

Жүлделі үшінші орын үшін шешуші матч Жапонияның Фукуока қаласында өтті. Қарсылас – Гонконг құрамасы.
Кездесу нәтижесі бойынша қарсылас команда 29:12 есебімен жеңіске жетті. Бірінші таймда Гонконг құрамасы басымдыққа ие болып, шешуші артықшылыққа ие болды.
Екінші таймда қазақстандық спортшы қыздар есеп айырмасын қысқартуға тырысты, алайда уақыт пен шеберлік жетіспей, есепті теңестіру мүмкін болмады.
Дегенмен, турнир қорытындысы бойынша Қазақстан құрамасы үшінші орынды иеленіп, Азияның үздік командаларының қатарынан лайықты орын алды.
Финалдық матч 25 мамырда өтеді, онда Жапония мен Гонконг құрамалары чемпиондық атақ үшін бақ сынайды. Бұл ойынның нәтижесіне қарамастан, Қазақстан құрамасы өз медалін қамтамасыз етіп үлгерді.
Айта кетейік, регбиден Олимпиада чемпионы командаласын тістеп алды.