Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Қазақстан айына 1,5 млн. тонна астық экспорттауға ниетті - Ауыл шаруашылығы министрі

  АСТАНА. 16 наурыз. ҚазАқпарат - Қазақстан айына 1,5 млн. тонна астық экспорттауға ниетті.

Қазақстан айына 1,5 млн. тонна астық экспорттауға ниетті - Ауыл шаруашылығы министрі

Бұл туралы бүгін «KAZGRAIN-2012» V қазақстандық астық форумы аясында Ауыл шаруашылығы министрі Асылжан Мамытбеков  мәлім етті.

«Қазіргі уақытта орташа есеппен 1,2 млн. тонна астық жөнелтудеміз. Бұл мөлшерді біз жеткіліксіз деп санаймыз. Сондықтан да алдағы уақытта астық экспортының көлемін 1,5 млн. тоннаға жеткізбекпіз», - деді ол.

Сондай-ақ, ол Оңтүстік Қазақстан облысының су тасқыны салдарынан зардап шеккен егістік алқаптары болған жағдайда Үкімет көмек көрсететіндігін баса айтты.

Осыдан кейін форум жұмысына тоқталған министр: «Бүгінгі форумда біз қазіргі астық нарығының жаңа беталысын, болашағын талқылаймыз. Сонымен қатар, біздің астық нарығымызбен басқа елдердің астық нарығы арасындағы жұмыстарды жандандыру жөніндегі мәселелерді қарастырамыз», - деді.

Айта кетейік, бүгін елордада басталған алқалы жиын 2 күнге созылады. Шара барысында Қазақстан астық нарығының қазіргі жағдайы, мемлекеттік қолдау бағыттары, ағымдағы маркетинг жылындағы астық нарығындағы үрдістер мен бағыт-болжамдары, аталған астық нарығының инфрақұрылымдық және логистикалық мәселелері сияқты өзекті тақырыптар талқыланбақ. Форум жұмысына Қазақстан, Ресей, Қытай, Германия, Жапония, Иран, Эстония, Украина, Түркия сынды елдердің 250-ге жуық өкілдері қатысуда.