Қазақстан азаматтары Непалдағы зардап шеккендер қатарында жоқ

АСТАНА. KAZINFORM - Непал мен Қытай шекарасы аумағында болған су тасқыны салдарынан зардап шеккендер мен хабар-ошарсыз кеткендер арасында Қазақстан азаматтары жоқ. Бұл туралы Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі хабарлады. 

Қазақстан азаматтары Непалдағы зардап шеккендер қатарында жоқ
Фото: ІІМ

— Қазіргі уақытта Непал мен Қытай шекарасында болған су тасқыны салдарынан зардап шеккендер мен хабар-ошарсыз кеткендер арасында Қазақстан азаматтары тіркелмеген. Жағдай ҚР СІМ бақылауында, — деді СІМ ресми өкілі Жанболат Үсенов.

Еске сала кетейік, Непал-Қытай шекарасында су тасқынынан кейін жүздеген турист із-түзсіз жоғалды.