Қазақстан азаматтарының жеке деректерін заңсыз алмақ болған адамға сот үкімі шықты
АСТАНА. KAZINFORM – Ұлттық қауіпсіздік комитетінің баспасөз қызметі Қазақстан азаматтарының жеке деректерін заңсыз алмақ болған Ақтау тұрғынына қатысты сот үкімі заңды күшіне енгенін хабарлады.
«Қылмыстық кодекстің 147-бабы 3, 4-бөліктері, 205-бабы 2-бөлігі және 208-бабы 2-бөлігі 1-тармағымен қарастырылған қылмыстық құқықбұзушылықты жасауда кінәлі деп танылған Қазақстан азаматына қатысты Ақтау қаласы сотының үкімі заңды күшіне енді. Ол 3 жылға бас бостандығынан айыру жазасына кесілді. Сотталған елдің ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымының маңызды нысандары болып табылатын мемлекеттік ақпарат жүйелеріне заңсыз қол жеткізуді жүзеге асырғаны тергеумен анықталды», - делінген хабарламада.
Фигуранттың ақшалай сыйақыға одан әрі үшінші адамдарға беру үшін ҚР азаматтарының жеке деректерін заңсыз алу фактісі толық дәлелденді.