Қазақстан азаматтарына виза режімін енгізеді деген ақпарат негізсіз - Түркия Сыртқы істер министрлігі
АСТАНА. ҚазАқпарат - Ағымдағы жылдың 1 шілдесінен 89 елге визалық режім енгізеді деген ақпарат негізсіз. Бұл туралы Түркия Сыртқы істер министрлігінің ресми сайтында хабарланды.
«Біздің азаматтарымыздың Шенген визасынан босатылуын қамтамасыз ету бойынша Еуропалық одақпен келіссөздер жалғасуда. Үшінші елдерге қатысты біздің визалық саясатымызды ЕО-мен толықтай теңестіру міндетті болып саналады. Біз ЕО-ға Түркияның толық құқылы мүшелігін орындауға тиіспіз. Осыған орай ЕО-ға виза қажет елдерге маусымның 1-інен бастап Түркияның визалық режім енгізу жоспары туралы ақпарат шындыққа жанаспайды», - делінген хабарламада.