Қазақстан азаматтығын алуға үміткерлердің өтініші қашан қабылданады

АСТАНА. KAZINFORM — Қазақстан Республикасының азаматтығын алуға үміткерлер үшін тестілеуге өтініштерді қабылдау 17-29 сәуір аралығында өтеді. Бұл туралы Ұлттық тестілеу орталығы хабарлады.

Қазақстан азаматтығын алуға үміткерлердің өтініші қашан қабылданады
Фото: Polisia.kz.

— Тіркелу Ұлттық тестілеу орталығының app.testcenter.kz сайтында немесе UTO қосымшасы арқылы жүргізіледі. Тестілеудің өзі 30 сәуірде өтеді, — делінген хабарламада.

 Тестілеу 3 бөлімнен тұрады:

тілдік білімді бағалау жүйесінің қарапайым деңгейі бойынша қазақ тілін білуін анықтауға арналған тест (қазақ тілінде) — 60 тапсырма, шекті балл — 36;
Қазақстан Республикасы Конституциясының негіздері бойынша тест (қазақ немесе орыс тілінде) — 15 тапсырма, шекті балл — 9;
Қазақстан тарихы бойынша тест (қазақ немесе орыс тілінде) — 25 тапсырма, шекті балл — 15.

Ең жоғары балл — 100, шекті балл — 60.

Тестілеу уақыты — 2 сағат 10 минут. 

Мүмкіндігі шектеулі (мүгедектігі бар) тұлғаларға тестілеу тапсыру үшін қосымша 30 минут беріледі.

Толық ақпарат testcenter.kz сайтында «Азаматтық алуға үміткерлерге» бөлімінде қолжетімді. 

— Дайындығын жақсартуды қалайтын үміткерлер үшін тегін (testcenter.kz сайтында «Азаматтық алуға үміткерлерге» бөлімінде) және ақылы (app.testcenter.kz сайтында «Байқау сынағы» бөлімінде — 3355 тг.) байқау сынағы ұсынылған, — делінген хабарламада.

Айта кетелік Қазақстан шетел азаматтарына ЖСН беруді қайта бастайтыны туралы жазған едік

Соңғы жаңалықтар