Қазақстан азаматы есірткімен ұсталды

ОРАЛ. Қаңтардың 8-і. ҚазАқпарат /Ғайсағали Ералы/ - «Шаған» кеден бекетінде Қазақстаннан Ресейге кетіп бара жатқан Н. деген ҚР азаматының күртесінің ішкі қалтасынан 32,44 грамм есірткі табылды.
None
None
БҚО бойынша кедендік бақылау департаментінің баспасөз қызметінен ҚазАқпарат тілшісіне хабарлағанындай, сараптама қорытындысына сәйкес бұл зат кептірілген марихуана болып шықты. Аталған факті бойынша ҚР ҚК 250-бабы 1-бөліміне сәйкес қылмыстық іс қозғалды.
Соңғы жаңалықтар