Қазақстан азаматы ретінде референдумға келдім – Алтынбек Қоразбаев

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Қазақстанның халық әртісі, композитор, әнші, Мемлекеттік сыйлықтың иегері Алтынбек Қоразбаев Алматыдағы №211 референдум учаскесіне дауыс беруге келді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Бүгін өзін «мен Қазақстан Республикасының азаматымын» деп санайтын азаматтар референдум учаскесіне келіп, дауыс беріп жатыр. Бұл анау-мынау емес, ата заңымыздың баптарын өзгертуі мүмкін республикалық маңызды референдум. Сондықтан, Қазақстан азаматы ретінде мен осы референдумға келіп тұрмын», - деді халық әртісі.

Еске салайық, бүгін елімізде Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгертулер енгізу бойынша жалпыұлттық референдум өтіп жатыр. Алматыда референдум учаскелері таңғы сағат 06:00-де ашылып, 07:00-де дауыс беру басталды. Референдумға қатысуға құқығы бар азаматтар тізімінде 1 126 854 адам бар. Мүмкіндігі шектеулі азаматтар үшін үйде дауыс беру ұйымдастырылады.
Соңғы жаңалықтар