«Қазақстан Барысы-2017»: Ширек финалға шыққан 8 балуанның есімі белгілі болды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Астана төріндегі "Барыс Арена" спорт кешенінде қазақ күресінен өтіп жатқан "Қазақстан Барысы" турнирінің ширек финалына шыққан сегіз балуанның есімі белгілі болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Ширек финалға Айбат Сейтен (Астана) - Арман Қалиев (Атырау)
Асыл Бәрменов (Қарағанды) - Еламан Ерғалиев (Әскер Барысы)
Ержан Шынкеев (Қарағанды) - Айбек Нұғымаров (ШҚО)
Ұлан Рысқұл (Алматы обл) - Руслан Әбдіразақов (Алматы) шықты.
Енді аталған балуандар жартылай финалдық белдесулерде өзара күш сынасады.