«Қазақстан Барысы» турнирінің финалдық сайысына БАҚ өкілдерін тіркеу басталды

АСТАНА. ҚазАқпарат - «Қазақстан Барысы» қазақ күресін дамыту қоры ҚР Тұңғыш Президенті - Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың жүлдесі үшін қазақ күресінен «Қазақстан Барысы» турнирінің финалдық сайысына БАҚ өкілдерін тіркеуді бастады.
None
None

Бұл туралы «Қазақстан Барысы» қазақ күресін дамыту қорының баспасөз орталығы хабарлады.

Журналистер қазақ күресінен «Қазақстан Барысы» турнирінің финалдық бәсекесіне кіру үшін https://kazakhstanbarysy.kz/ru/KB2016ACCREDITATION.html сілтемесі бойынша алдын ала-тіркелу керек. БАҚ өкілдерінің тіркелу мерзімі: 2016 жылдың 24 маусымына дейін.

Естеріңізге сала кетейік, «Қазақстан Барысы» турнирі Астана күніне орай шілденің 3 күні сағат 12:00-де елорда төріндегі «Сарыарқа» волетрегінде өтеді.

Күнсұлтан Отарбай

Соңғы жаңалықтар