Қазақстан басшысы Санта-Марияда көп адамды қазаға ұшыратқан өртке байланысты Бразилия халқына көңіл айтты
АСТАНА. 28 қаңтар. ҚазАқпарат - Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Бразилия Федеративтік Республикасының Президенті Дилма Руссеффке Санта-Мария қаласындағы көп адамды қазаға ұшыратқан өртке байланысты көңіл айту жеделхатын жолдады.
Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
Жеделхатта Қазақстан Президенті және еліміздің барша халқы Санта-Мария қаласында болған сұрапыл өрт салдарынан көптеген адамның өмірі қиылғаны туралы қайғылы хабарды қатты күйзеліспен қабылдағаны атап өтілген.
«Халқымыздың атынан және өз тарапымнан Бразилия халқына және өрттен құрбан болғандардың жақындары мен туыстарына қайғыларына ортақтасып, шынайы көңілімді білдіремін. Осындай қайғылы күндерде Бразилия халқы басқа түскен қиыншылықты төзімділікпен көтереді деп сенемін» делінген жеделхатта