Қазақстан батуттағы гимнастикадан Испанияда өтетін әлем чемпионатына қатысады

АСТАНА. KAZINFORM – 5-9 қараша аралығында Испанияның Памплона қаласында батуттағы гимнастикадан әлем чемпионаты өтеді.

Қазақстан батуттағы гимнастикадан Испанияда өтетін әлем чемпионатына қатысады
Фото: ҰОК

Ұлттық олимпиадалық комитеттің мәліметінше, Қазақстан құрамасының сапында Данил Мусабаев, Ерлан Тасмағамбетов, Роман Барков, Никита Тумаков және Виктория Бутолина бақ сынайды. 

Қазақстандық спортшылар жекелей және синхронды секіру бағдарламаларында, сондай-ақ ерлер және аралас санаттарда өнер көрсетеді.

Бұған қоса, ерлер құрамасы командалық есепте жүлде үшін таласады. 

Еске сала кетейік, бұған дейін Манама қаласында өткен жасөспірімдер арасындағы Азия ойындарында Қазақстан биіктікке секіруден қос бірдей жүлде жеңіп алғанын хабарлаған едік. 

Соңғы жаңалықтар