15:34, 21 Мамыр 2015 | GMT +5
Қазақстан «Батыс Қытай - Батыс Еуропа» трансқұрлықтық дәлізінің құрылысын келесі жылы аяқтайды - М.Әшімбаев
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан «Батыс Қытай - Батыс Еуропа» трансқұрлықтық дәлізінің құрылысын келесі жылы аяқтайды.

Бұл туралы бүгін VIII Астана экономикалық форумында ҚР Парламенті мәжілісінің халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік жөніндегі комитетінің төрағасы Мәулен Әшімбаев мәлім етті.
«Қазақстан Қытай мен Еуропаны жалғайтын ірі көліктік дәліздердің дамуына да үлкен мән береді. Біз соңғы жылдары «Батыс Қытай - Батыс Еуропа» трансқұрлықтық дәлізін салуға күш салып келеміз. Қазақстан аумағында оның 2700 шақырым жолы өтеді. Келесі жылы оны аяқтауды жоспарлап отырмыз. Ол қазіргі заманға сай тасжол болады. Ол Қытайдың шығыс өңірлерінен Еуропаға тауарларды 10 күннің ішінде жеткізуге мүмкіндік береді. Бұл Еуропа мен Қытайды жалғайтын ең тиімді әрі ең қысқа жол болмақ», - деп атап өтті М.Әшімбаев.