Қазақстан базарлары өркениетті форматқа өтуі қажет - А.Мырзахметов

Журналистердің Алматыдағы өртеніп кеткен «Адем» сауда үйі туралы қойған сұрағына жауап берген палата төрағасы бұл жағдайға базардың өркениет талаптарына жауап бермеуі кінәлі екенін айтты.
«Біз базарлардың өркениетті кейіпке енгенін бірауыздан қолдаймыз. Біздің ойымызша, бұл ең бірінші тұтынушылар мен сауда үйлерін жалға алушы кәсіпкерлердің мүддесі болуы тиіс. Саудагерлер жұмыс жерінде барлық жағдайдың жасалған болуын талап етуі тиіс. Өркениетті форматқа ешкім де кетәрі емес», - деп атап өтті А.Мырзахметов.
Оның айтуынша, палатаға кәсіпкерлерден 600-ден астам өтініш-хаттар келіп түкен, олардың жартысы - аталған өртте зардап шеккендерден.
«Қазіргі кезде ашуға бой алдырмай, сабырлы болған абзал. Зардап шеккендерден бізге Ұлттық қордан қаржы бөлінсін, шығынымыздың орнын толтырсын деген сияқты хаттар келіп жатыр. Бұл да дұрыс емес, неге Ұлттық қор барлық халықтың ашқасын оларға бөліп беруі керек? Олардың өздерінде не сақтандыру жоқ, не келісім шарт жоқ, басқа да құқықтық құжаттары жоқ. Егер де өркениетті форматтың барлығы сақталған болса, мұндай болмас еді, - деп атап өтті палата басшысы. - Қазір өте ауыр келіссөздер жүріп жатыр, ең бастысы тексеру шаралары өрттің нақты қандай себептен пайда болғанын анықтауы қажет. Тек сол кезде ғана сақтандырудың қалай өтелетіні, оны кімнің төлейтіні белгілі болады».
Айта кетейік, 26 сәуірде Алматыдағы «Адем» сауда үйінде сұрапыл өрт болды. Нәтижесінде жалын тілі 25 мың шаршы метр аумақты шарпыған болатын. Қалалық ТЖД мәліметі бойынша, сауда үйінде өрт қауіпсіздігі ережелерінің бұзылғандығы анықталған.