Қазақстан-Беларусь индустриялық-технологиялық паркі бірлескен жобасы іске қосылады - Н.Назарбаев

«Қазақстан мен Беларусьтың арасындағы қарым-қатынас әріптестік және сенім деңгейінде жүретінін білесіздер. Осы жылдардың ішінде екі ел арасындағы қарым-қатынас достық-түсіністік жағдайында өрбуде», - деді Мемлекет басшысы.
Елбасының атап өтуінше, бүгінгі таңда Қазақстан аумағында заманауи бірнеше бірлескен кәсіпорын жұмыс істеуде. Олардың қатарында Қарағандыдағы КазБелаз бірлескен кәсіпорны, Семей мен Қостанайдағы ауыл шаруашылығы техникаларын құрастыратын трактор жасайтын зауыттар бар. Солардың арқасында Қазақстанда мұндай машиналар тұңғыш рет шығарыла басталды. Ілкі жоба үлгісіндегі ауыл шаруашылық тәжірибесін Беларусьтан үйренуге қол жеткізілді.
«Мұның базасында елдерімізде агроөнеркәсіп және мал шаруашылығы секторында соңғы жетістіктер қолданылатын болады. Ауыл шаруашылығы және коммуналдық-техника, жабдықтар шығаратын Қазақстан-Беларусь индустриялық-технологиялық паркі бірлескен жобасы іске қосылатын болады», - деді Н. Назарбаев.